3- тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жаз. ПРЕЗ ЕТЕНЕ
Ертеде өтеш пен тотықұс дос болыпты. Өтөштің киімі әдемі болыпты. Ал
тотықұстың әдемі киімі жоқ екен,
Бір күні тотықұс өтешке:
Досым, мен бүгін қонаққа барамын, Маған әдемі киіміңді берші, — деді.
Әтеш досына өзінің әдемі киімдерін береді. Тотықұс әдемі киініп, қонаққа кетеді.
Егер ертең келмесем, дауыстап шақыр, - дейді ол өтешке,
Тотықұс көп уақыт бойы келмейді. Әтеш тотықұс естісін деп, қайта-қайта
шақырады.
Сол себепті өтеш досы мен әдемі киімін здеп, таңертеңнен кешке дейін
шақыра береді екен.
(2)
шығарма жазу керек па?
Тілге құрмет – елге құрмет Тіл- әр ұлттың жаны, мінезі,пейілі, оның көп ғасырлық тарихы. Қазақ халқының ана тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі- өте оралымды, айшықты, өрнекті, бейнелі бай тіл. Көпұлтты Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі–қазақ тілі, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің жауапкершілігі орасан зор. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – а үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), "Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген "Тіл туралы” Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр. Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лекцика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің аса маңызды мынадай салаларында жүзеге асады: басқару, ақпарат, білім беру мен тәрбие ісі (мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш, орта мектеп, жоғары мектеп), ғылым мен техника (ғылыми-зерттеу мекемелерде); қоғамдық ғылымдар, жаратылыстану мен нақты ғылымдар, техникалық және қолданбалы ғылым, экономика салаларында, ғылымның жалпыға ортақ салаларында, бұқаралық ақпарат құралдары саласында, іс жүргізу саласында; мемлекеттік, қоғамдық-саяси, мәдени мекемелер мен ұйымдарда; дене тәрбиесі, спорт, туризм, денсаулық сақтау мен емдеу мекемелерінде; қоғамдық тамақтандыру орындарында; өнер мекемелерінде (театр, кино); дипломатиялық қарым-қатынаста; әскери-патриоттық тәрбие және білім беру ісінде; шаруашылық жүргізу және ұйымдастыруда; өндіріс және өнеркәсіп орындарында; Қазақстан Республикасында өтетін республикалық, халықаралық құрылтай, конференция, мәжіліс, жиындар т.б. Мемлекетіміздің ішкі саясаттағы басым бағытының бірі – мемлекеттік тілді дамыту мен қолданыс аясын кеңейту. Өйткені тіл саясаты еліміздің қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекеттілігінің нығаюына тікелей әсер ететін фактор. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың тілдерін дамытудың стратегиясы негізгі үш мақсатты қамтиды: мемлекеттік тілдің (қазақ тілінің) әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту;орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау; этностық топтардың тілдерін дамыту бағытында
Төле би бабамыздың Қойгелді батырға берген батасы
Жүрген жерің жаз болсын,
Айдыныңа қаз қонсын.
Ұйқың-күлкің аз болсын,
Мерейің мақтанып,
Елің-жұртың мәз болсын.
Жая берген жапырақ,
Атсын таңың жарқырап.
Әумин!
Райымбек батырдың төртінші ұрпағы Ақбиев Досжан ақсақалдың батасы
Халқымды даласымен сақтасын,
Жігітті панасымен сақтасын.
Жаманды анасымен сақтасын,
Адамды өз бағасымен сақтасын.
Елдігіміз нығайып, өсіп-өнейік.
Бір Алла, бізді өзі жақтасын!
Әумин!
Ұлыстың ұлы күнінде
Дәулетті бақ берсін
Бақытты ас берсін,
Ұлың оңға қонсын
Қызың қырға қонсын!
Малың өріске толсын,
Дәулетіңді асырсын
Дұшпаның басылсын.
Менің берген бұл батам –
Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр батам.
Құдайым малды қыл,
Тең – құрбының алды қыл!
Қас сағынған кісіні
Қасқа шұнақ жарлы қыл!
Жас түскен келінге бата беру
Отша лаула, сөнбегін,
Еш жамандық көрмегін.
Қосағыңмен қоса ағар,
Құтты болсын қадамың,
Келін болдың, қарағым.
Салтын ұста, ардақта,
Үлкен ата-бабаңның.
Ошақтан от кетпесін,
Үйіңнен көп кетпесін,
Адал болғын жарыңа,
Лаула, оттай, жалында!
Аумин!
Бата
Құдай жарылқасын,
Бай қылсын.
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын.
Әулие дарысын,
Әруақ жебесін!
Дастарханға береке берсін,
Ерге дәулет берсін.
Шыққанның есесін берсін,
Қалғанның берекесін берсін.
Кең пейіл берсін,
Ұзақ өмір берсін.
От айнала бас берсін,
Өріс толы мал берсін.
Мал берсе,
Қайырлы берекесімен берсін.
Бас берсе,
Азық-несімен берсін.