3-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтіннен Толғанайдың «бақыт» туралы айтқан жолдарын тауып жаз. - Амансың ба, қасиетті далам!
-Аманшылық. Келдің бе, Толғанай? Былтырғы қалпың жоқ, қартайып,
тозып кетіпсің! Шашың қудай аппақ, қолыңда таяқ.
-Өмір зымырап өтіп бара жатқан жоқ па, Жер-Ана?! Бүгін-менің мінажат
ететін күнім.
-Білемін. Келеріңді білдім, Толғанай. Сен сол күні «бақыт» дегенді
түсініп, сыр шеркенсің.Айта бер, Толғанай!
-Қазір айтамын. Сол күндер ертегі секілді.
Орақшылар іске кірісті.Балам Қасымның комбайны бидайды жапырып
жатыр. Қасым бидайды иіскеді. Жарықтық дәннің иісі қандай!Кешке
қарай жаңа бидайдың наны дайын болды.Жаңа бидайды ең бірінші
орақшылар жеді..Бұл-бұрыннан келе жатқан дәстүр. Жаңа бидайдың
нанының дәні қасиетті. Түсі қоңыр. Нан сәл қолға ілініп жабысып тұр.
Оның дәміне, күн, жер, түтін сіңген иісіне не жетсін, шіркін!
Қасым комбаинды тоқтатып, қолын жуды.
Дастарқанға отырып нан турады:
-Ып-ыстық екен.Ал, апа, жаңа бидайдың нанынан бірінші
болып дәм татыңыз,-деді. Мен нанның дәмін таттым. Наннан
комбайншының қолының иісін сездім.Ондай тәтті нан жеп
көрген емеспін.
Өйткені ол нанды ұлымның бейнеткер қолы турап берген. Ол
нан-елдің өндірген наны еді. Осы сәтте мен «ана» деген кім,
«оның бақыты» не екенін білдім. Бидайдың өнуі сабағы мен
жерге байланысты. Ал ананың бақыты баласы мен елінің
бақытына байланысты екен. Мен соны түсіндім.