3-тапсырма. Мәтінді оқы. Мазмұнын түсіндіріп айт. Отан сүйер ұлан бол!
Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы
көремін. Сол балалардың, бүлдіршін-балдырғандардың бақытты бо-
лашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын.
Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,
Арым бар, намысым бар жан тербеткен.
Қазақтың қарапайым бір ұлымын,
Жанымды арым үшін құрбан еткен.
Балаларыма, немере, шөберелеріме айтар жалғыз тілегім: Елді
сүйер ұлан болыңдар! Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер!
(Б. Момышипh
Көмекші есімдер (вс слова) — негізгі сөздерге телене жұмсалып, олардың кеңістікке (мекенге), уақытқа (мезгілге) қатысын толықтырып, нақтылап тұратын сөздер. Оған алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, түп, сырт, бас, бет, шет, түс, бой сияқты толық лексикалық мағынасы жоқ сөздер жатады. Көмекші есімдер мекенді, заттың жақын-алыстығы (ауылдың шеті, жаны, төңірегі, маңы)\ қыры (көпірдің асты, үсті, бойы); аралығы (екі үйдің ортасы, екі көшенің арасы) тұрғысынан саралап атайды. Кейбір көмекші есімдер қыс, жаз, түн тәрізді сөздермен тіркәсіп келіп, оларды мезгілдік жағынан нақтылап, дәлдеп тұрады (қыстың басы, түннің ортасы). Көмекші есімдер өзі тіркескен негізгі сөздермен көбіне изафеттік байланыста қолданылады. Мысалы: өзеннің бойы, ауылдың сырты, қаланың маңы, құдықтың түбі, жолдың үсті, айдың ортасы, жылдың басы, аптаның аяғы т. б. Көмекші есімдер сөйлемнің дербес мүшесі болып жұмсалмайды. Негізгі сөздермен тіркесіп барып, сөйлемнің бір мүшесі болады: Мысалы, Ауылдың жаны — терең сай (Абай). Мұндағы ауылдың жаны — бастауыш.
Объяснение:
Анафора (қатысты дейксис) - сөйлеудің əр параллельді элементінің бастапқы сөзін қайталаудан құралатын сөйлеу пішіні (орысша Клянусь я первым днем творенья, Клянусь его последним днем. Клянусь позором преступления...).
Лексикалых анафора- сөзді немесе сөздерді қайталауға негізделген анафора (орысша Һе непрасно дули ветры, Һе напрасно шла гроза).
Синтаксистік анафора - бір грамматикалық құрылымды кайталауга негізделген анафора (орысша Я стою у высоких дверей. Я слежу за работой твоей).
Фонетикалық анафора - дыбысты не дыбыс тіркестерін қайталауға негізделген анафора (орысша Грозой снесенные мосты. Гроба с размытого кладбища...).
Анафорлық - алдында айтылғанға түсінік беретін сөз немесе сөздер (орысша Вы просите песен, их нет у меняКурсивное начертание).