3-тапсырма. Мәтінді оқы.Прочитайте текст и напишите о чем текст.
«Өнертапқыш» ғылыммен айналысушы, ғылыми ізденіс жасаушы, тың ойлар мен түрлі жобаларды іске асырушы адам. Олар басқа адамдардан ұтқырлығымен ерекшеленеді. Ұсынған жобалары жаңа қоғамның жаңаша идеялары болады. Олар елдің экономикасын дамытуға, мемлекетті көркейтуге қажетті ұтымды жобалар ұсынады.
Алғырлық — адамның психикасындағы зейінділік, зеректік, ұғымталдық сияқты ақыл-ой әрекеттерінің бір-бірімен үйлескен қасиеті.
Қабілет — тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара- психологиялық ерекшелігі.Мысалы,бір адамның көрген нәрсені ұзақ есте сақтайтын қабілеті болады және тағы да басқа.
Дарын – адам бойындағы тума қасиет.Белгілі бір істе, шығармашылықта ол айқын көрінеді.