3-тапсырма. Мәтінді тыңда. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықта. Мәтін бойынша жоспар құр. Қазақ халқының кеңінен танымал болған спортшыларының бірі – грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, балуан – Жақсылық Үшкемпіров. Ол 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Тегістік ауылында дүниеге келген. Бапкерлері – Р.Ильматов, В.Псарев, В.Угренинов. Жақсылық Үшкемпіров Семей мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын бітірген. Қазақстан және халықаралық турнирлердің жеңімпазы. КСРО чемпионатының алтын, күміс және қола жүлдегері. КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы. 1980 жылы Еуропа чемпионатының күміс жүлдесін, 1981 жылы «Әлем чемпионаты» атағын жеңіп алды. 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы болды. Қазақ КСР мемлекеттік спорт клубының директоры. Спорттағы жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Объяснение:
Негізгі ақпарат: Грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров
Жоспар:
1)Грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жеңімпазы-ЖақсылықҮшкемпіров
2)Жақсылық Үшкемпіров биографиясы
3)Жақсылық Үшкемпіров жетістіктері