3 -тапсырма.
Мәтінді тыңда. Оқы. Түсінгеніңді айт.
Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Ол Сарыарқаның солтүстік
бөлігінде орналасқан. Қаланың ортасынан Есіл өзені ағып өтеді. Астана бұрын
«Ақмола» деп аталған. Кеңес үкіметі кезінде қала «Целиноград» деген атауға ие
болған. 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола ресми түрде Қазақстанның
астанасы болып жарияланды. 1998 жылы 6 мамырда Н. Ә. Назарбаев Ақмола
қаласын Астана деп атау туралы жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа
астананың ресми тұсаукесер тойы болды. 2006 жылдан бастап «Астана күні»
6 шілдеге ауысты. Жыл сайын осы күні «Астана күнін» тойлаймыз.
Астана жас әрі сұлу қала. Астана қаласының бас символы «Бәйтерек»
монументі. Оның биіктігі — 97 метр. «Бәйтерек» монументі Есілдің сол жа-
ғындағы алғашқы сәулет туындысы. Астанада саябақтар, жаңа ғимараттар
бар. 2001 жылы 8 қыркүйекте «Қазақстан картасы
Атамекен» тарихи-этно-
графиялық кешені ашылды. Саябақта Қазақстанның қалалары мен тарихи
ескерткіштер көрсетілген.
1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды. очки там рассказывается
Біздің отбасы- үлкен отбасы болып саналады. Отбасымыз он төрт адамнан тұрады. Ең сыйлы орын төрде атам мен әжем отырады. Онан соң анам мен әкем орналасады. Қалғандарымыз жасымызға қарай отырамыз. Отбасымыздағы әрбір күн біз үшін мереке. Үлкенді сыйлау, адамдармен сыйласу, үлкенге қызмет көрсету, кішіге көмектесу біздің отбасында сөзбен емес, әрдәйім іс жүзіндегі, күнделікті өміріміздегі қалыпты жағдай. Мен өз отбасымды мақтаныш етемін. Қазір біздің отбасындай үлкен отбасы кездесе бермейді.
Ас адамның арқауы.
Өте орынды айтылған сөз. Егер адам аш болса оның әлі де, көңіл күйі де, ешбір іске зауқы да болмас еді. Ал, әрдайым көңілсіз жүрген адамның жүйкесі жұқаратыны белгілі. Күші тіпті болмай, әлсірейді. Осылай денсаулығынан да айрылады. Сондықтан, уақытылы, құнарлы тағамдармен тамақтанып, ас адамның арқауы екендігін есте ұстаған абзал.