3-тапсырма. Мәтінде айтылған таулардан бөлек қандай тауларды білесіңдер? Елімізде бірнеше танымал әрі табиғаты әсем таулар бар. Түрген шатқалы, Сарыарқа, Мұғалжар, Алтай, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы – Қазақстанның белгілі таулары. Сарыарқа Орталық Қазақстанда орналасқан. Орташа биіктігі 500-600 метр. Сарыарқаның негізгі жауһары – Бурабай шипажай аймағы. Жергілікті тұрғындар бұл жерді «қазақстандық Швейцария» деп атайды. Мұғалжар – аса биік емес тас тізбегі, Орал тауының оңтүстік сілемі. Мұғалжардың ең биік нүктесі – Үлкен Боқтыбай тауы /657 м/. Маңғыстау таулары Каспий теңізіндегі Маңғыстау жартыаралында жатыр. Олардың құрамына Қаратаудың батыс және шығыс жоталары, Ақтаудың оңтүстік және солтүстік жоталары енеді. Қаратаудың ұзындығы – 117, Ақтаудың ұзындығы – 70 шақырым.
Пайымдау әңгіме
Еңбекқор құмырсқа.
Әлем көптеген тіршілік иелеріне толы.Солардың ішінде құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған.Сіріңке қорабында бір дәнді бірнеше күнге жеткізе алған құмырсқа туралы әңгімені бәрі біледі.Олардың тағы да біз білмейтін қызық қыры көп.
Бір құмырсқа өз жемтігін тапқан соң,басқа құмырсқаға азығын табуға көмектесе алады.Аралар мұндайда билеп жүріп үйретсе,құмырсқалар бір жол бойымен жүріп отырып,азық табуды үйретеді.Олар бір-біріне жалғанып,басқалар өтуі үшін көпір жасай алады.Бір құмырсқа өз салмағынан 10 есе ауыр салмақты көтере алады.Құмырсқалар орта есеппен екі немесе үш айға дейін өмір сүреді. Осы уақыттың ішінде өздеріне тән еңбекқор, белсенділігі және үнемшілдігімен өзге жәндіктерден ерекшеленеді.