3-тапсырма. Мәтіндегі ақпараттарды негізге ала отырып, қазір елімізде ондай кәсіп- орындардың бар-жоғы туралы пікірталас ұйымдастырыңыздар. 1-топ. Металлургия өндірісі. 2-топ. Жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі. 3-топ. Мұнай-газ өнеркәсібі. 4-топ. Мәшине жасау өндірісі.
Кітап туралы.
Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың қоғамда алар орны орасан зор.
Кітап адам өмірінде, әсіресе өскелең ұрпақтың өмірінде ерекше орын алады. Кітапсыз, еш білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді, жерді сүюге, талапты,
кішіпейіл болуға, мейірімді, әрі төзімді болуға баулиды. Кітап біздің рухани жан азығымыз.
Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мүлдем қалып барады. Дегенмен, менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын. Сонда мектеп кітапханысының қоры көбейіп қана қоймай, оқырмандар саны да артар еді деп есептеймін. Сонда өскелең ұрпақтың кітапқа оқуға деген қызығушылығы арта түсер деп ойлаймын.
Жыл мезгілдері.
Бір жылда төрт жыл мезгілі. Олар бірнен соң бірі ауысып келіп отырады. Ең алдымен жыл басын қыс бастайды. Қыс айларына желтоқсан, қаңтар ақпан жатады. Қыста күн суық болады. Көп қар жауады. Одан кейін көктем мезгілі келеді. Оған наурыз, сәуір, мамыр айоары жатады. Біз көктем мезгілі біткен соң жазғы каникульға шығамыз. яғни көктемнен соң жаз мезгілі келеді деген сөз. Жаз мезгілдері маусым, шілде , тамыз болып табылады. Жазда күн жылы болады. Көптеген жеміс-жидектер піседі. Ең соңғысы күз мезгілі. Бұл мезгілде егін егеміз. Дақылдарды жинаймыз. Біз де сабаққа барамыз. Жапырақтар сарғайып түседі. Осылайша жыл мезгілдері ауысып келіп отырады.