3-тапсырма. мәтіндегі ойды жалғастырып, домбыра туралы жаз. 1 теңеу және 1 метафора қолдан., Домбыра – ата-бабадан қалған
мұра, ұлттық саз аспабы. Домбырада ойнау, домбыра үнін тыңдау
әлемдегі ең ғажайып сезімге бөлену. Домбыра туралы әңгіме қозғалғанда кеңiлде қазақы тәрбие, қазақтың
салты мен дәстүрі тұрады. Домбыра аспабын үйрену және домбырада ойнау арқылы ұлттың барлық
қасиетін түсінуге болады.
Домбыраның үні арқылы адам ішіндегі түрлі ойлардан тазарады, күш-қуатын толықтырады. Домбырада
ойнауды үйрену арқылы адамның ойлау қабілеті артады, мәдени ой-өрісі жоғарылайды, білімге, еңбек
етуге деген қызығушылығы артады. .
- Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұрасы. Демек, әр адам ана тілін көзінің нұрындай қорғауы тиіс. Біздің ана тіліміз шексіз бай, өте көркем тіл. Ана тілінің көркемдігін көркейту ұлт байрағын көтеру мен бірдей десек, қателеспеген болармыз. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «ұлттық тіл - қазақ ұлтының рухани мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп баста көрсеткен болатын. Әлемде қанша ұлт,нәсіл болса, соларды бір бірінен даралап тұратын басты бойтұмары - туған тілі. «Әр халықтың ана тілі-білімнің кілті», - деп Ахмет Жұбанов тілдің адамзат өміріндегі маңызын аша түсті. Ана тілінің құдіреті жайлы қаншама ойшыл, ақын жазушыларымыз, даналарымыз құнды пікірлер қалдырды. Осынау бабаларымыз сөйлеп, даналарымыз толғап, аналарымыз әлдейлеп өскен қазақ тілінің еліміздің болашағының көркеюіне зор ықпал етуде. Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өңірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналары сөзсіз. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйымдастыратын ең басты құндылығымыз - туған тіліміздің мерейін үстем етті. Қазіргі жаһанданған, ақпаратық дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістермен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласына да, білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр. Елбасының салиқалы саясатының арқасында еліміз береке мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың,татулықтың өлкесі болып,көп ұлтты мемлекетке айналып отыр.Осы орайда елбасымыз атап өткендей: «Біз - көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілімен мәдениетін және салт дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауда алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз», - деген болатын. Қазіргі таңда «Келешекке кемел біліммен» деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келешекке кемел біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп,қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақта дамыған,бірнеше тілді меңгерген, құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірі болып отыр. Үш тілді оқыту - заман талабы. Үштілділік бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Осы «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы іске асыруды балабақшадан басталуы тиіс. Бұл - заман талабы. Осы орайда тәрбиеші мен мұғалімдер бәсекеге қаблетті тұлғаны даярлауды зор деп танылуда. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі деп салиқалы үндеуінде атап көрсетті. Бұл үдерістен бізде тыс қалмауымыз керек.Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның болашақтағы өмір белесінен, білім кеңістігінде алары да берері де мол. Осы оқу жылының басында «Тілдер мерекесі» апталығында жүргізілген барлық іс шаралар үштұғырлы тіл биігінде аталып өтті. Шәкірттердің, жаңалыққа жаны құмар ұстаздардың бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу де орасан зор еңбектері көрініс тапты. Балабақшадан бастау алған осы саясаттың түрлі тақырыптарда лингвистикалық, экономикалық тарихи, танымдық сайыстар оқушылар арасында үштұғырлы тіл барысында белең алуда.
Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстікбатыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.
Көлемі жағынан ең үлкен пирамида – Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.
Галикарнас кесенесі
Кіші Азиядағы шағын қа-лалардың бірі Галикарнас-тың әкімі патша Карий Мавсол б.з.д. 351 жылы дүние салады. Патша мұрагерле-рі жер-жерлерден әйгілі құ-рылысшы, қолөнершілерді шақыртып, патшаның зиратын тұрғызады. Кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі (көп қырлы пирамидалар) мен гректің ионикалық стилі байланыстырылған. Кесене екі қабаттан тұрады, биіктігі 40-45 метр. Ол тек биіктігімен емес, грек еліне белгілі Скопас, Леохар, Бриансид, Тимофей секілді әйгілі мүсіншілердің қолынан шыққан әр алуан мүсіндер арқылы көркемделуімен де ерекшеленеді. Мавзолей шамамен алғанда 1800 жыл сақталып келді. Ағылшын археологы Ч.Т.Ньютонның айтуынша, ХV ғасырда крестшілер мавзолейді бұзып, оның құрылыс материалдарын Эгей теңізінде қасиетті Петр сарайын (қазіргі Түр-кияның Бодрум қаласы) са-луға пайдаланған.
Мавсол патша мен оның әйелі Артемисаның табыттары, мүсіндері және басқа дүниелері қазір Лондондағы Британ мұражайы мен Ыстамбұлдың археологиялық мұражайында сақтаулы.