= 3-тапсырма. Мәтінге синтаксистік-кешенді талдау жасаңдар. Семантикалық картаны толтырыңдар.
Карай-қарай көзі де бұлдырап кетіпті. Итеңдей-итеңдей белі де
талып кашты. Ат суытып алайын деп, жусаны мен жапағы қалың көлдеу
ойдың ортасындағы төмпектің қасына кеп тоқтады. Атын тұсап, отқа
жіберді. Сосын төңірегіне қарады. Ұрының жүзіндей жымпиып жатқан
кең алқап. Ойына бірдеңе түсіргендей иегін қасыды. «Қап, мынау ойға
бекер тоқтаған екенмін, анау қара жалға көтеріліп кідірсемші», - деп
өкіні.
Сосын елгі отырған жерінен жел жаққа қарай қырық қадам ұзап,
шалқасынан түсіп жата кетсін... Көз алдына тағы да тайқазан ет пен
мөлтеңдеген сірке сорпаның тұра қалғаны. Қапелімде, жер түбінен
түйдек-түйдек көрінген қою шаңды да андай қоймапты...
Әбіш Кекілбаев
- Жоқ, ауаны тап-таза деп айта алмаймыз.
- Неліктен?
- Себебі қазіргі кезде машиналар, әртүрлі көліктер көп жүреді. Зауыттар ауаны ластайды. Адамдардың бірі далаға қоқыс тастап кетеді, бірі шылым шегеді.
- Арман, мен далада сірінкемен ойнап, от жағып жатқан балаларды көрдім. Олар да ауаны ластайды ғой, иә?
- Әрине, ластайды. Отпен ойнағанның салдары ауаны ластаудан басқа да дерттерге әкелуі мүмкін. Бұл балалардікі дұрыс емес. Отпен ойнауға болмайды!
- Ал лас ауадан адам ауыруы мүмкін бе?
- Иә, осы айтып кеткен ауаны ластайтын заттар адамға ауру әкеледі. Сондықтан ауаны ластамауға тырысу керек.
- Ал ауаны қалай ластамауға болады?
- Ол үшін біздің істей аларымыз қоқыс тастамау және өсімдіктер өсіру.
- Ал өсімдіктің қандай пайдасы бар?
- Олар көмірқышқыл газын жұтып, оттегін бөліп шығарады.
- Оттегі деген не?
- Оттегімен тірі ағзалар адамдар, жануарлар, т. б. тыныс алады.
- Міне керемет! Бізге мұғалім өсімдік әкеліңдер дегені осы екен ғой.
- Иә, осылай таза ауаны сақтау керек.