3-тапсырма. Мәтінмен жұмыс, табу сөздерді теріп жазыңдар! . / / Менің биыл ағам үйленді. Жеңешем бәрімізге ат қойды. Мені «Кішкенем», інімді «Шырақ», сіңлімді «Шырайлым» деп атап кетті. Ағайымның үлкен ағалары мен жеңгелерін де атымен атамайды. «Үлкен үйдегі қайнаға», «Әнші жеңгей», «Әкім аға», «Үндемес» деген аттары бар. Жеңешем о дүниелік болған адамдардың да атын атамайды, тергейді. Жақында жеңешем бәрімізге қуаныш сыйлады. Біздің ортамызға «тоқымқағар» қосылды. Бұрыннан да біздің жанұяда «Күлшашар», «Шайқұяр», «Гүл егер» деген бөпелер бар болатын.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Монғолия т.б.) ұлттық тілі. Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады. Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” куә бола алады. Қазақ тілі түркі тілдерінің (солтүстік-шығыс ареал) қыпшақ тобына кіреді (татар,башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қырым-татар, қарақалпақ, ноғай) және ол, әсіресе, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады.
Қысқарған сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыру.
Мамыр айының он бесінде Швейцарияның Женева қаласында БҰҰ мүше елдерінің саммиті өтті.
АҚШ президенті кезекті жұмыс сапарымен Қазақстанға келді.
Менің әпкем Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақ тілі» мамандығы бойынша білім алуда.
ҚР – ның мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
Келер жылы Алматы қаласында ТМД елдерінің басшыларының кезекті кездесуі өтеді.
Бір жыл ішінде інімнің бойы бес см – ге өсіпті.
ҚХР - ның Қазақстанмен шекаралас жерінде бауырлас қытай қазақтары Наурыз мейрамын атап өтті.
Болашақта оқуымды ойдағыдай тәмамдап, ҰҚК – де қызмет істейді армандаймын.
ҰБТ қорытындыларына сәйкес Қазақстан бойынша Қарағанды облысының түлектері бірінші орында.
Менің атам көп жылдар бойы ІІМ – де абыройлы қызмет атқарып, қазіргі таңда зейнетке шықты.