Сынып жетекшіміз сынып оқушыларын кітапханаға саяхатқа алып барды. Кітапханадағы апай бізді жылы жүзбен қарсы алды. Мұнда кітаптар өте көп екен. Қиял-ғажайыпқа толы ертегі кітаптар, қызықты әңгімелері мен суреттері көп әртүрлі журналдар бар. Кітапханашы апай бізді кітап көрмелерімен таныстырды. Әсіресе Президентіміз Нұрсұлтан ата туралы көрмеге көп тоқталды. Қазақстан туралы кітап көрмесі өте қызықты болды. Біз кітапханадан қызықты мағлұматтар алдық. Кітапханаға жиі келіп, қызықты кітаптарды оқып тұруға келісіп, әсерлі көңіл-күймен үйге тарастық.
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.