3-тапсырма. Мәтіннен бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді тауып жазыңдар.
Бекет ата жерасты мешіті тасты тау шатқалына қашалып
салынған тарихи-сәулет ескерткіші. Үш-төрт қанат киіз үйдің
көлеміндей үш бөлме. Бекет ата 1750 жылы дүниеге келген. Ол -
емші, көріпкел ғана емес, математика, физика, астрономия
заңдылықтарын жақсы білген ғұлама. Бұхарада оқып, ілім
жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады.
Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы артып,
пір атанады. Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет ата
осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінде жерленген. Бұл
мешіт басы күні-түні әулие басына зиярат етушілерден бір
арылмайды.
тарихи- саулет Уш-торт атак-данкы куни-туни