3-тапсырма Мәтіннен етістіктерді тауып, нақ осы шақта берілген сөйлемдерді ауыспалы осы шаққа айналдырыңыз. Қорықта «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген сарыбауыр кесіртке мекендеп жүр. Ол жыланға ұқсайды. Кесіртке адамдарға зиян келтірмейді. Қорықтың таулы бөлігінде мәңгілік мұздықтар жатыр. Сарыбауыр кесіртке қысқы ұйқыдан мамыр айында оянды. Олар суда жақсы жүзіп жүр.
Нан – дастархан құты. Нан – тоқтық, нан – байлық. Бірақ, осы асыл тағамның қасиетін, кейбір балалар түсінбейді.
Бірде Сәкен мектептен келе жатыр еді. Сөмкесіндегі қатыңқырап қалған нанды алып, лақтырып тастады.
- Әй, балам-ай, нанның қадірін білмейсің. Мына біздер, бүкіл ауыл азаматтары, егінжайда астық үшін арпалысып жүрміз. Ал сендер, аппақ нанды үзіп-жұлып жеп, қалғанын жерге тастайсыңдар, - деді ренжіп әкесі. Ол үндемей келе жатты да:
- Кешір, көке! – деп артқа қарай жүгіре жөнелді де, жаңағы тастаған нанын алып келді.