3 - тапсырма . « Мен жұлдызнама бойынша кандай адаммын ? » тақырыбына шағын таныстырылым дайында . Төмендегі талаптарды орында . Екпін түр леріне мән бер . Жұлдызынды анықтап ал .
Жақсы қасиеттеріңді көрсете біл .
Мінез - құлқыңның нашар тұстарын да айт ( мысалы , еріншек тік т.б. ) .
Қорытынды жаса .
Сары шаян жасап беріндерш
Кейіптеу- әр түрлі жануарларды , табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл . Қазақ халқының бірқатар эпостық жырларында атқа тіл бітіп , адамша ойлап , сезетіндей етіп бейнеленеді . Ертегілер мен сықақ - мысалдарда қасқыр , түлкі , қоян , тағы басқа жануарлар адам кейпінде суреттеледі . Жазба әдебиетте кейіптеудің жаңа үлгілері мол ұшырасады . Мысалы , Абайдың “ Қыс ” атты өлеңінде қыс мезгілі мейірімсіз , түсі суық , қатал шал кейпінде бейнеленген Ауыз әдебиетінде кейіптеуге шарттылық , дәстүрлі үлгіні ұстаушылық тән , жазба әдебиетте бұл тәсіл өзгеше сипат алады . М.Жұмабаевтың “ Жел ” деген өлеңінде желді мазасыз , дамыл алмай жүгіріп жүрген тентек бала кейпінде кескіндейді . Сөйтіп , желді жанды бейне секілді етіп алады да , “ ерні өтірік қыбырлап , сыр айтқан боп сыбырлап ” , “ жымиып , күліп өтеді ” деп сипаттап , оны , тіпті , сұлу қызға қызықтырып : “ Келдім ұшып , ғашықпын , Бір сүюге асықпын . Мойның бұр мендей әуреге ” , – дейді де , “ Сүйіп көзінен , Шашы , алма жүзінен ” , – деп , әсерлі кейіптеу түріндегі суреттеме жасайды . Осы өлеңді тұтастай алғандағы бейнелеу тәсілін де , ерні қыбырлап , сыбырлап , жымиып , күліп деген секілді бейнелі сөздерді де кейіптеуге жатқызуға болады . Аллегория , символ секілді тұспалдап суреттеу кейіптеу тәсілімен ұштасып жатады . [ 1 ]