3 - тапсырма . Оқылым және тыңдалым мәтіндері бойынша бас әріппен жазылатын күрделі құрама атауларды « Қос жазба күнделігіне » толтырыңдар Мағынасын түсіндіріңде. Күлтегін ескерткішін 1889 жылы орыс археологиялық экспеди циясы Орхон өзенінің оң жағалауынан тапқаны белгілі . Бұл ескерткіш Түркі империясының тарихы жайлы әңгімелейді . Ескерткіш Білге қағанның кіші інісі , ержүрек жауынгер және қолбасшы Күлтегінге арналған . Автор түркі халқын бірлік пен елдікке шақырады . Ескерткіште Шығыс түркілерінің Таң династиясының езгісінен азат етіліп , жеңіске жеткені , қағандардың ерлігі мен Күлтегіннің жауынгерлік жорықтары жырланады . Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар , ал ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол - жазудың жалғасы . Түркологиялық әдебиеттерде 40 жол « үлкен жазу » , ал 13 жол « кіші жазу » деп аталады . Ескерткіш көне түркі жазуымен ғана емес , көне қытай ( табғаш ) иероглифтерімен де таңбаланған . Өйткені Күлтегін ханзада аяқасты нан қайтыс болған кезде Білге қаған Қытай дан шеберлерді арнайы шақыртқан . Даңқты жауынгердің өлімін жоқтауға көрші мемлекет терден көптеген адам келген .
ақық моншақ, аламоншақ – қара ала көзді моншақ',
алпыс моншақ – көз тимесін деп арнайы тізілген бірнеше түрлі моншақ,
әнгір моншақ – әйелдердің күміске тізген әшекейлі моншағы,
бет моншақ – сәукеленің, кимешектің екі жағына, маңдайына салбырата қадап қоятын моншақ,
жақ моншақ – алтын, күміс қозалармен, асыл тастармен бұршақтап, үзбелеп жасалған салпыншақты әйелдердің баскиім әшекейі, қырғызша «жаақ» (джаак) – әйел бас киімінің құлақ, самай тұсына тағылатын әшекей,
көз моншақ – кішкентай ақ бүршіктен көз қондырылып жасалған моншақ), күміс моншақ (кішкентай ақ бүршіктен көз қондырылып жасалған моншақ,
күміс моншақ – күміс тиындары бар моншақ,
қызыл моншақ – қызыл маржаннан тізілген моншақ,
меруерт моншақ - біріңғай меруерттен тізген моншақ,
су моншақ - ұсақ тастардан тізілген моншақ, арзан қолды моншақ,
тайтұяқ моншақ – кесек күмістерден араластырыла жасалған моншақ, тайтұяқ күмістен жасалған алқа,
тал-тал моншақ – бірнеше қатарлы моншақ,
тана моншақ – күміс танадай жарқырап тұратын күмісті, асыл тасты моншақ,
тоғыз моншақ – моншақтың бір түрі,
шаш моншақ – бұрымның ұшына тағылатын әшекей, қырғыздарда чач мончок – күміс пластинкамен байланыстырылған, жіпке тізілген маржан, асыл тасты әшекей,
шұбыртпа – тізілген моншақ, баскиімге салпыншақ ретінде тағылатын моншақ.
Тал моншақ – тақияға, сырткиімге бірнеше қатар етіп тағылатын моншақ түрі.
Баламалы энергия көздерін іздеудің бүгінгі күні маңызы артып отыр. Энергияны шектен тыс пайдаланудан бүгінде жер бетінде жахандық жылыну үрдісі жүруде. Ал жер бетіндегі температурының көтерілуі, жахандық жылыну бүгінде әлем елдерінің басын қатырып отырған мәселе. Осы орайда баламалы энергия көздерін табу, табиғаттың өзін энергия көзі ретінде пайдалануға ынта жоғары болып отыр.
Ғалымдардың зерттеуіне сенсек, сағат сайын Жер Күннен 1014 кВт сағ энергия алады. Күн энергиясының 1-2 % -і жел энергиясына түрленеді. Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді – энергия көзі ретінде пайдаланған. Жел энергиясын пайдаланып желкен көмегімен жүзген. Жер суландыру кезінде, жел диірмені ретінде дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін қолданған. Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе асып түседі.