3-тапсырма. Сөйлемдерден оқшау сөздерді тауып, түрлерін ажыратыңдар.
1. - Қалашылар, қалашылар келеді!
- Анау Абай, Абай ғой, айналайын-ай! Апасына айтайыншы, -
деді бір қартаң әйел.
- Бәсе, Телғара ғой... жаным-ау, мынау... Телғара! Әпкеме
айтайыншы, — деп тағы бір жас әйел, жеңге де үлкен үйге ұмты-
лысқан.
2. — Қалай, құлағың ашылды ма? - деді.
- Е, жақсы боп қалды. Өркенің өссін, балам! – деп әжесі алғыс
айтты.
Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет. Орман ішінде, теңіз немесе өзен мен көл жағалауында ауа таза болады. Ал елді қоныстарда ауаға адамның денсаулығына зиянды түрлі қоспалар араласып жүреді. Әсіресе, өндірісті қалаларда ауа көп ластанады. Фабрика, зауыт, жылу орталықтарының мұржасынан будақтап шығып жатқан қара көк түтіннен өте майда күл, шаң-тозаң ауаға көтеріледі. Ауаның тазалығын сақтау үшін ірі кәсіпорындардың мұржаларына ыс, шаң-тозаң, түрлі улы газдарды тұтатын қондырғылар орнатылады.
Ірі қалалардағы ауаның ластануының тағы бір көзі – автомашиналар. Бензинмен жүретін көліктер көп мөлшерде улы заттарды бөліп шығарады.
Айналадағы ауаның тазалығын сақтауда көгалдандырудың маңызы зор. Өсімдік ауаның құрамындағы көмірқышқыл газын, зиянды заттарды, шаңды жұтып, оның орнына көп мөлшерде оттегін бөліп шығарады.
Сондықтан көше бойлай ағаш отырғызу, гүлзарлар жасау, демалыс бақтарының көлемін кеңейту ауаның тазалығын сақтаудың бір жолы болып табылады.
Есте сақтаңыздар
Ауаның құрамы, қабілеті кемиді, өкпе, тәулік, шалдықтырады, майда күл, кәсіпорындардың мұржалары, улы заттар, көмірқышқыл газы, гүлзарлар, демалыс бағы.