Қазақ халқының бүгін де ұстанып келе жатқан дастарқан дәстүрі көне замандардан бері қалыптасқан салт болып табылады. Әсіресе қонақ келгенде айтылатын сөздер мен жасалатын жөн-жоралғы – ежелден қалыптасқан ережелердің нақ өзі. Қазақтар келген қонақты «төрге шығыңыз», «төрлетіңіз» деп, кірген есіктің тура қарсысына, дастарқанның ең жоғарғы жағына яғни қазақша айтқанда «төрге» шығарады. Төр – қазақтың салт-санасында ең құрметті адамдар отыратын орын. Сондай-ақ Қазақтар өзінің сыйын, қонақты құрметтегендігін көрсету үшін оны төрге шығарады. Төрге әдетте бас қонақ, ауылдың ақсақалы, құдалар отырады. Бұлардан басқа төрге төркіндеп келген қыз отырады. Аталардан қалған «Қыз бала – төр иесі, ұл бала – үй иесі» деген сөз бар. Егер басқа қонақтар бар болса, жолы мен жасына, атағы мен дәрежесіне сай төрдің оңы мен солына отырады. Ал сыйлы қонақтар көп келетін үйді, «төрт босағасы түгел төр» деп айтатын болған. Бір қызығы кешігіп келген қонақ сыйлы болса да, көбінесе алдыңғы отырған ретті бұзып, жаңа келген қонақты төрге шығара бермейді. Мысалға ел аузында айтылатын әңгімеге қарағанда, бір отырысқа Мұхтар Әуезов кеш барып, төрден алыстау жерге отыруға тура келіпті. Сонда жастар «Аға төрге шықпадыңыз ба?» дегенде, «Мен отырған жер төр болады» деп жауап берген екен. Төрдің қарсысы есік болып саналады. Төрмен есіктің арасындағы адамның отырған орны оның қоғамдағы дәрежесі мен сый-құрметін білдіреді. Мысалға қазақтың бір мақалы былай дейді: Атадан жақсы ұл туса, Есіктегі басын төрге сүйрер. Атадан жаман ұл туса, Төрдегі басын жерге сүйрер. Төрде негізінен қолына билік ұстаған ел басы, ел ағасы, елдің үлкені отыратын болғандықтан және төрде отырған адам төрелік айтатын болғандықтан келе-келе төрдің «билік» мағынасы да шыға бастаған. Осы тұрғыдан қарағанда, «мәңгі елді» орнатқан «Көк Түріктер» мен оны қайта қалпына келтірген Шыңғыс тұқымы «төрелер» арасында байланыстың болуы әбден мүмкін.
1. Елдің ерлігі ерінен танылар. Мақалдағы елдің сөзіне жалғанған жалғауды табыңдар.
D. ілік септік
2. Ата-ананы сыйлауымыз керек. Қарамен жазылған сөздің қай сөзге жататынын табыңдар.
D. қос сөз
3. Жаңа сөздер ғылыми түрде қалай аталады?
В. неологизм
4. Қосымшасыз сөзді белгілеңіз.
D. Кітап
5. Жалғаудың неше түрі барын көрсетіңіз.
A. 5
6. Туынды зат есімді көрсетіңіз.
В. Күйші
7. Түбір сөздер қатарын табыңыз.
А. Ұлт, намыс, кітап.
8. Дара етістікті табыңыз.
В. ауды, ұқпа, үтікте, сана
9. Жатыс септігінде тұрған сөздерді белгіле.
А. үстелде, жерде
10. Бірыңғай тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
В. Аш, ат, от.
11. Қысқарған сөзді тап:
В. педкеңес
12. Қысқарған сөзді табыңыз.
D. педколледжді бітірді
13. Құрамында «бет» сөзінің синонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.
А. Еңбек - өмір ажары.
14. Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерді көрсетіңіз.
B. Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай.
15. Мақалды көрсетіңіз
А. Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат
Егер басқа қонақтар бар болса, жолы мен жасына, атағы мен дәрежесіне сай төрдің оңы мен солына отырады. Ал сыйлы қонақтар көп келетін үйді, «төрт босағасы түгел төр» деп айтатын болған. Бір қызығы кешігіп келген қонақ сыйлы болса да, көбінесе алдыңғы отырған ретті бұзып, жаңа келген қонақты төрге шығара бермейді. Мысалға ел аузында айтылатын әңгімеге қарағанда, бір отырысқа Мұхтар Әуезов кеш барып, төрден алыстау жерге отыруға тура келіпті. Сонда жастар «Аға төрге шықпадыңыз ба?» дегенде, «Мен отырған жер төр болады» деп жауап берген екен.
Төрдің қарсысы есік болып саналады. Төрмен есіктің арасындағы адамның отырған орны оның қоғамдағы дәрежесі мен сый-құрметін білдіреді. Мысалға қазақтың бір мақалы былай дейді:
Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер.
Төрде негізінен қолына билік ұстаған ел басы, ел ағасы, елдің үлкені отыратын болғандықтан және төрде отырған адам төрелік айтатын болғандықтан келе-келе төрдің «билік» мағынасы да шыға бастаған. Осы тұрғыдан қарағанда, «мәңгі елді» орнатқан «Көк Түріктер» мен оны қайта қалпына келтірген Шыңғыс тұқымы «төрелер» арасында байланыстың болуы әбден мүмкін.