3-тапсырма. Шығармадан берілген үзіндіні оқыңдар. Ондағы кейіпкердің ойын өз көзқарастарыңмен жалғастырып, себебін
табыңдар.
«— Ал, өмір деген не? Сен қалай ойлайсың?
– Өмір деген кең, жарық дүниедегі қызық тіршілік емес пе?
Ал сол тіршілікті, сол тұрмысты жасап жүрген өзіміз
ғой. Ендеше өмір деген өзіміз емеспіз бе?
Олай болса өмір сүру неге қиын? Неге өзімізге-өзіміз
жамандық жасаймыз? Мен, әрине, тұрмыс жағын, ішіп-
жеу, жақсы киінуді айтып отырғамын жоқ. Қазір молшылық
қой. Менің бас қатыратыным: неге адамдар бір-біріне зәбір
көрсетеді? Неге осы бақытты, қайғысыз өмір сүру деген
қиын?» (С. Мұратбеков. «Отау үй»).
Әке, Алла Тағаланың Анамыздан кейін берген ең үлкен екінші сыйы. Әке ешкіммен салыстыруға келмейтін баға жетпес тұлға. Әр бала өзінің ата-анасының жанында екеніне әрдайым шүкір етуі керек! Ата-анамыз барда біз ешкімге қор емеспіз. Әкеміз бізді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп, аялап, Анамыздың қамқорынан артық болмаса кем қақморлық сыйламай төбесіне көтеріп өсірді. Сондықтан біз Әкелерімізге әрдайым қарызбыз! Әкелері бар әр бала әрқашан бақытты! Қолдағы бақытты бағалай білейік!
Арал теңізі - Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теңіз ХХ ғасырда ауданы жағынан әлемде төртінші орында болған еді... Бүгінгі күнгі технологияның тоқтаусыз дамуының бір шеті Арал теңізінің тартылуына да әкеліп соққандай. Кезінде Арал теңізі бірден бір көгілдір су айдыны-туғын. Шекаралас елдерді жалғап жатырған бұл алып теңізге су жіберетін Әмудария, Сырдария өзендеріне халықтың сұранысы артуының себебінен, сонымен қатар шаруашылыққа көптеп пайдаланылғанның салдарынан Аралға құйылатын судың қоры азайды. Сол себепті қазіргі таңда Арал теңізі аянышты халде. Бұл бүкіл әлемді толғантатын проблемалардың бірі. Бұл теңіздің тартылу себебі, адамдардың табиғатқа селқос қарауынан. Егер, ауыл шаруашылығна жіберілетін су көлемі есепке алынар болса, табиғаттың жағдайын ескермей, көптеп егіндер отырғызбағанда бұндай жағдай орын алмас та еді... Тартылу себебінен тұздары жылына 2 млн тоннадай көтеріліп, адам ағзасына зиян келтіруде. Бұл адам жасаған зиянды әрекеті өзіне кері айналып келгенінің бір белгісі, бұл да көтерілер үлкен бір мәселе. Сондықтан, алға қарай табиғаттың мол қазынасын тиімді пайдаланып, өзге де байлық көзімізді мұндай жағдайға жеткізбейік! Арал теңізінің қалпына келуіне, табиғатты аялап бәріміз ат салысайық! )))