3-тапсырма Сын есімдерді қолданып,мәтін бойынша «сөйлеуші-тыңдаушы»позицияларын еркін ауыстырып, «Қазақстанның ежелгі қалалары»тақырыбы бойынша диалог құрастырыңыз.
Тарихы тереңде қалалардың көшін Тараз қаласы бастайды.Орта ғасырлардан бері Тараз деген атауымен әйгілі қалаға ең бірінші келгендер-Фергана алқабының өзбектері болған.1997 жылынан бастап тарихи атауы қалаға қайтарылды.2020 жылы Тараз өзінің 2000 –жылғы мерейтойын атап өтті.КөнеТараз шаһары Ұлы Жібек Жолының бойында айрықша орны бар қалалардың бірі.Қарахан мемлекеті тұсында гүлденіп,мәртебелі қала статусына көтерілді.Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болып,Қазақстан тәуелсіздігін алған соң,Жамбыл облысының әкімшілік орталығына айналды.Былтыр Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қасиетті,тарихи,көне шаһар Таразда тойланып өтті.
Жауаптары:
Жауаптары:12 - билет
3) Мәтіндегі тәуелдік жалғауы бар сөздер:білімнің, адамның.
20-билет
1) Мәтінді оқып,сұрақтар қой.
1.Қандай адам болашақта дегеніне жетеді? (Арманшыл адам)
2.Қай кезден бастап адам өзінің жүрегі қалаған мамандыққа бейімделе бастайды? (Жас кезден)
3.Жастардың басты міндеті қандай? (Ата-ананың, ұстаздың берген сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін дұрыс ұғынып, түсініп оқу ).
23-билет
2) Жалғаудың түрлері,мысал.
Жалғау — сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік.
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша.Мысалы: менің қаламым; сенің қаламың; сіздің қаламыңыз, оның қаламы.
Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.Мысалы,еңбек,еңбектің,еңбекке,еңбектен,еңбекті,еңбекте,еңбекпен т.б.
Көптік жалғау — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер).
Жіктік жалғау – баяндауышқа ғана тән жалғау.Мысалы,мен бардым,ол отырды,біз келдік т.б.
25-билет
2) Үндестік заңының ережесі,мысал.
Үндестік заңы – түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп, айтылуын үндестік заңы дейміз.
Оның екі түрі бар: 1) буын үндестігі, 2) дыбыс үндестігі.
Тіліміздегі сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.
Мысалы:
Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.
Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.
3) "Азамат","қайраткер" сөздерін жіктеу.
Жекеше:
І жақ:Мен азаматпын,қайраткермін.
ІІ жақ: Сен азаматсың,қайраткерсің.
Сыпайы түрде:Сіз азаматсыз,қайраткерсіз.
ІІІ жақ:Ол азамат,қайраткер.
Көпше:
І жақ: Біз азаматпыз,қайраткерміз.
ІІ жақ:Сендер азаматсыңдар,қайраткерсіңдер.
Сыпайы түрде:Сіздер азаматсыздар,қайраткерсіздер.
ІІІ жақ:Олар азамат,қайраткер.
Қазақтың қызы – қастерлі, аяулы жаратылыс. Шырайлы жүзіне шуақ тұнған қазақ қызының ғасырдан ғасырға жеткен қадірлі, кәусар образы болатын. Әйгілі Мұхтар Әуезовтер «Адамдық негізі – әйел» деп мақала жазғанда осындай ардақты жандар үшін шырылдады. Жүсіпбек жазатын қорғансыз Ақбілек, Бейімбат жазатын шарасыз Күлпан, Ғабит Мүсіреповтің ел анасы Ұлпаны, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің қайшылықты Ақбаласы, Ақанды ынтық еткен Ақтоты мен Біржанға арман болған Ләйлім шырақ, кешегі Жұматай жырлап өткен қол жетпес Ләйлә – бәрі де қазақ қызының, қазақ анасының сан қилы қасиеттерінің бір-бір жарқын көрінісі еді. Заман құбылды, қоғам ауысты, қазақ қызының болмысы мен бітімі де өзгеріске ұшырай бастады. Бұрынғы биязы да кербез, көрікті де мінезді сұлулардың орнына бетпақтықты батырлық деп түсінетін, сөз тиді екен деп ауызға келгенді ақтара салатын келте ақылды бикештер келді.