3-тапсырма Төмендегі берілген үзіндіні өз ойыңмен жалғастырып жаз. 10 сөйлем көлемінде болсын.
Тортайдың бейнесін сипатта (жасы, киімі, түрі, мінезі, жағдайы). Сипаттауда көркемдегіш құралдарды қолдан теңеу, эпитет, т.б.). [ ]
Елге енді бір рет барғанымда естідім. Тортай үйленген. Екі-үш баласы бар. Қой бағады екен. ...
Адам болып дүниеге келген соң әр адам ананың сүті арқылы ана тілін,анасының тәрбиесін бойына сіңіріп өседі. Адам үшін ана тілі-туған тілі. Әр халықтың өз тілі,өз діні,өз әдет-ғұрпы бар. Әрбір халық өз ана тілін құрметтейді,қастерлейді. Ал өз ана тілін білмеу-надандық. "Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңде құрметте" дегендей,қанша тілді білсе де,әрбір жеке тұлға өз ана тілін құрметтей білу керек.
Қазіргі заманда адамдар ағылшын,француз тілдерін үйренуге талпынып жатыр. Себебі,ағылшын тілі шет елдермен қарым-қатынасқа түсу үшін өте қажет. Сонымен қатар,қытай,француз,орыс тілдерін біліп жүру де артық етпейді. Әр түрлі елдің тілдерін білу-мақтаныш,әрі адамның білімді екенін көрсетеді және де көптеген елдермен араласуға мүмкіндік тудырады. Үш тілден көп тілді білетін адамды "Полиглот" деп атайды. Елімізде үш тілді,яғни,қазақ,орыс,ағылшын тілдерін білу қажет. Болашақта көп тілді білудің пайдасы көп. Көптеген тілді білген адам жұмысқа да оңай орналасады. Алайда,қаншама тілді үйренсек те,ана тілімізге деген құрметті ұмытып кетпейік
Күнделікті ішетін кофе судың соры екен. Бір киолграмм кофе өнімін дайындау үшін жиырма екі мың литр су жұмсалады екен. Осыдан соң кофені ішкім келмей қалды.
Бір жеңіл автокөлігін шығаруға екі жүз литрдей кетеді дейді статистикада. Одан да көп кетпесе аз кетпесі анық.
Әлемдегі судың 3 % (үш пайызы) ғана тұщы су екен.
Егер адам ағзасына 2 литр су жетіспейтін болса, ондай жағдайда адамның ойлау мен жұмыс жасау іс-әрекеті 20 пайызға төмендейді екен.
Ер адамның ағзасы 70% судан тұрады.
Енді мына сұмдықты күнде бәріміз көріп жүрміз: Дәрет алғанда неше литр су кеткенін есептеп көрдіңіз бе? Ғұсыл алғанда ше?
Күнделікті астан соң жуылатын ыдыстарға неше литр су жіберетініңзді есептеп көрдіңіз бе?
Бір ауызашарға барып, астан соң қолымды жууға жуынбөлмеге кіре бергенде сарылдаған судың дыбысын естідім де еріксіз сол жаққа қарадым. Асхана бөлмесінде екі келіншек суды сарылдатып "рахаттана" ағызып ыдыс жуып тұр екен. Жүрегім сыздап кетті. Шыдай алмай қастарына барып суды ысырап етуге болмайтынын айттым. Жақтырмады. Маған ақыл айтты. Құдайдың суын аяйсыз ба не?, - деп жекіп те алды. "Өзіме де сол керек" дедім де "асығыс шаруаммен" үй иесіне рахметімді айтып кетіп қалдым. Үйге келгенше жаяу жүріп Алладан кешірім сұрап келдім өзім үшін де және суды ысырап еткендер үшін де. Бір жарым сағат жүріппін үйге дейін.
Әкем (Алла оған разы болсын) жаңбыр суын да жинап бақшамызға пайдаланатын еді. "Алланың алдына барғанда судың да сұрауы болады балам" дейтін.