Объяснение:Есім сөздерден сын есім жасайтын жұрнақтар.
Есім сөздерден сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар:
1. -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті; тау-лы, тас-ты, дене-лі, көрік-ті, өнер-лі т. б.
2. -сыз, -сіз: үй-сіз, жер-сіз, қызмет-сіз, ағаш-сыз т. б.
3. -ғы, -гі, -қы, -кі: жаз-ғы, іш-кі, сырт-қы, соң-ғы, күз-гі, түн-гі т. б.
4. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: азамат-тық, жыл-дық, көлем-дік, күн-дік, өлке-лік, кәмелет-тік т. б.
5. -шыл, -шіл: жер-шіл, ұйқы-шыл, күлкі-шіл, үй-шіл, сыр-шыл т. б.
6. -шаң, -шең: бой-шаң, сөз-шең, киім-шең, тер-шең т. б.
7. -дай, -дей, -тай, -тей: үй-дей, қой-дай, арыстан-дай, ат-тай, түлкі-дей т. б.
8. -кер, -қой, -қор, -паз, -ымпаз, -імпаз: табыс-кер, найза-гер, әуес-қой, сән-қой, бәле-қор, жем-қор, шай-қор, өнер-паз, әсем-паз, жеңім-паз т. б.
9. -и, -ы, -і: тарих-и, дін-и, әдеб-и, ресм-и, мәден-и, қазақ-ы, алтай-ы, араб-ы т. б.
Ескерту: 1. Көрсетілген жұрнақтардың кейбірі басқа сөз табында да кездеседі.
Мысалы: -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнағы зат есім де жасайды: жақсы-лық, жаман-дық, дос-тық, күнде-лік, орын-дық, т. б.
-сыз, -сіз, -дай, -дей, -тай, -тей, -шақ, -шеқ, т. б. үстеуде де кездеседі. Мысалы: ақы-сыз берді, ат-сыз келді, қыс-тай дайындалды, тоты-дай сайрады, көйлек-шең отырды т. б.
Бұндай сөздер сөйлемде білдіретін мағынасы мен кызметі арқылы ажыратылады.
Араб-иран тілдерінен енген -кер, -қой, -қор, -паз жұрнақтары үндестік заңына бағынбайды, өйткені бұл жұрнақтардын жуан — жіңішке сыңарлары жоқ.
1. Димаш Құдайберген – өнерлі отбасынан шыққан әнші.
2. Қаламыздағы жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз тұрғындарға арналған қысқа мерзімді оқулар қарастырылған.
3. Биылғы жазғы демалысымды ауылда өткізбекшімін.
4. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін ресми түрде жұмысқа тұрғым келеді.
5. Үйдегі кенже бауырым – ұйқышыл.
6. Менің нағашыларымның барлығы бойшаң, мен де соларға ұқсаппын.
7. Қазіргі қоғамда түлкідей қу адамдар көп кездеседі.
8. Қазіргі таңда әуесқой әншілер көбейіп барады.
9. Мектебіміздің қабырғасында түрлі әдеби кештер ұйымдастырылып тұрады.
Шілікті қорымы В - ВЫ ғасыр — Шілікті жазығы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының аумағында орналасқан. Ұзындығы - 80, ені – 30 шақырым осы кең жазықты оңтүстігінде Тарбағатай, шығысында Сауыр-Сайқан, солтүстігінде Маңырақ таулары қоршап жатыр. Шілікті жазығының жағрафиялық жағдайы адам өмір сүруіне өте қолайлы. Жазы шыбынсыз салқын, қысы қарсыз және жылы болып келетін даланы малшы тайпалар қола дәуірінен бері кең қоныстанған. Шілікті даласында көне мәдениеттің аса бір өркендеген уақыты б.з.д. Ι-мыңжылдыққа сәйкес келеді. Бұл кезде Шілікті даласын сақ тайпалары мекендеген. Шілікті даласында сақ-үйсін дәуірінің екі жүзден астам ескерткіштері бар. Олардың елу шақтысы патша және ақсүйек обалары.Бұл ескерткіштерді бірінші зерттеген семейлік гидротехник Г.Н.Бокий еді. 1909-1910 жылдары ол Шілікті даласының шығыс шегінде орналасқан Шаған оба қорымдарын қазып зерттеді. 1949, 1959, 1961 және 1962 жылдары Шілікті қорымдарында профессор С.С.Черников қазба жүргізді. Ол барлығы 13 обаны қазып зерттеді. 2003 жылдан бастап бұл өңірді профессор Ә.Т.Төлеубаев зерттеп жатыр