3-тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдаланып, жазғы демалысты қалай өткіз- генің туралы сөйлем құра. қолғабыс Алакөл жағажай демалыс жаздыгүні солтүстік Сарыағаш саяжай тоғызқұмалақ жанкүйер liлдiк багдар Тұлғасы өзгертілген біріккен сөздер бірге жазылады. Мыс: бүгін, биыл, қыстыгүні, күздігүні, қолғап, жарғанат Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздері есімдік, үстеулермен тіркесіп келгенде, бірге жазылады. Мыс: әрбір, әлдеқашан, бір- келкі, ешкім, кейбір, қайбір Бірге жазылатын сөздер Екі түбірден құралып, ғылымның әр алуан саласында (саяси-әлеуметтік, биологиялық, астрономиялық, химиялық т.б.) терминдік мәнге ие болған атаулар бастапқы түбір тұлғаларын сақтап, бірге жазылады. Мыс: ба өз, өнеркәсіп, кәсіподақ, келіссөз, темір- тас, тамыржеміс, сүтқорек- тілер, көкжиек дам лучший ответ и
Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің жеткен жетістіктері аз емес. Ең алдымен мемлекетіміздің гүлденуінің берік іргетасы әрі кепілі болған еліміздің басты заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясы қабылданды. Сонымен қатар, әнұранымыз бен мемлекеттік рәміздеріміз дүниеге келді. Оның негізінде, елімізде біздің қоғамымыздың басты құндылығы саналатын адамның дамуына, оның әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды қайта құрулар жүзеге асырылды. Бүгінде тәуелсіз отанымыз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Осыған байланысты «Ел.кз» әлеуметтік желісі «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» атты фоторепортаж байқауын жариялап отыр.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор.
1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.