3-тапсырма. Тындалған мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап бер.
1. Экотуризмнің дамуы туралы не білесің?
2. Қазақстандағы экотуризм қай бағыттарда дамып отыр?
3. Өзің тұратын аймақта қандай экологиялық жағдай қалыптасқан?
4. Тыңдалған мәтіндегі астарлы ой қайсы?
ҚазАқпарат - Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы атап өтіледі. Тәуелсіздік - ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Тәуелсіздік бізге бір күнде берілген жоқ, оның тарихы тым тереңде. Кешегі 90 жылдары, тәуелсіздіктің ақ таңы атып, қазақ өз тамырынан, өзегінен нәр ала бастады. Әрине, бұл күнде Қазақстан әлем таныған елдердің қатарында. Өзін тану, өз болмысын түпкілікті білуге деген құштарлық тәуелсіздіктің алғашқы тұсында үлкен екпінмен басталған-ды. Тарихтың ақтаңдақ беттері ашылып, кешегі күнімізге еркін үңіле бастадық. Мұның барлығы жарқын тәуелсіздіктің арқасы. Бұл күнге қазақ елі оңай жеткен жоқ, қаншама қиын-қыстау зұлмат күндерді басынан өткізді. Қазақ жазушылары өткен күндердің куәсі ретінде, сол кезеңдердегі тарихи шындықты, нақты
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/ushkan-uya-otan-otbasynan-bastalady_a2914582
Балқаш көлінің маңызы.
Мен Қарағанды облысының Балқаш қаласында тұрамын. ТМД аумағында Балқашты білмейтін адам жоқ шығар. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр.
Елбасымыз бекіткен «Қазақстан 2030» стратегиясының басты бағыттарының бірі – еліміздің су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау болып табылады. Осы ретте жер шарындағы ірі табиғи су қоймаларының қатарына жататын Балқаш көлінің маңызы аса зор.
Іле-Балқаш алабы Қазақстан үшін су ресурстарының, балық шаруашылығының маңызды көзінің бірі болып саналады, әрі көптеген фауна мен флоранаың өсіп-өнетін тіршілік ортасы, түрлі ландшафтың тараған жері және аймақтың климатын реттеуде аса маңызды рөл атқарады.
Балқаш көлінде балық аулау шаруашылығы мен кеме қатынасы жақсы дамыған. Сонымен қатар көл суы өнеркәсіпте және егістік суаруға кеңінен қолданылады.
Іле өзенінің Балқашқа құяр атырауында күріш өсіру, ондатр шаруашылығы дамыған, әрі мұнда қамыс құрағының мол қоры бар. Жалпы алғанда Балқаш көлінің Қазақстан Республикасының халық шарушылығындағы маңызы өте жоғары болып саналады.
Дегенмен Балқаштың бүгінгі жағдайы жұртты алаңдатады, себебі көл қазіргі таңда өнеркәсіп қалдықтарымен ластанған. Түрлі металл қалдықтары көл түбіне шөгіп, тіршілік көзін жоюда.
Объяснение: