Бұл сұраққа әркім өз пікірінше жауап беруге болады. Менің ойымша, адам өміріндегі баға жетпес құндылық - уақыт. Уақыт қайтып келмейді, сондықтан бос уақытты сарп етпей, тиімді қолдана білу керек. Себебі, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған уақытында біздің қоғамымызда "уақыт - ақша" деген қағида қалыптасқан. Уақытты тиімді пайдалану - табысқа жетудің бірден бір кепілі. Сонымен, "уақтты қалай тиімді пайдалану керек?" деген сұраққа мен келесідей ақыл - кеңес беретін едім:
1. Жоспар құру. Бір күнге, аптаға, айға немесе бір жылға жоспар құру - маңызды істерді айқындауға, бірде бір минутты босқа кетірмеуге көмектеседі.
2. Бастаған ісіңізді аяқсыз қалдырмай, алдымен бір істі бітіріп, сосын келесісіне көшіңіз.
3. Күнделікті атқарылған істерге талдау жасаңыз.
4. Жұмыстарды кейінге қалдырмаңыз.
5. "Бүгін және дәл қазір қандай жұмыстар маған пайда әкеледі?" Осы сұрақты өз-өзіңізге әрдайым қойып жүрген абзал. Бұл өзіңізді тәрбиелуге және уақытты ұтымды пайдалануға көмектеседі.
6. Уақытты тиімді пайдаланудың тағы бір жолы - уақытыңызды босқа алатын теледидар көру, әлеуметтік желілерде отыру, телефон арқылы ұзақ сөйлесу т.с.с. нәрселерден бас тарту.
Ал сіз осы айтылған ақыл – кеңестің қайсысын қолданасыз?
Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:
Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.
Адамға берілген ең басты құндылық.