Бұл Семейдегі Неврозовтар атындағы Шығыс қазақстан облыстық бейнелеу өнермұражайы. Негізін 1985 жылы құрады,қазіргі уақытта Қазастандағы ең улкен суреттемелік қор жинағы. Музей ескі мұражайлардың қосындысынан құралған, олардың ең көнесі 1870 жылы Федор Степанов атты көпесімен салынған. 1988 жылы Неврозовтар отбасысы осы музейге 500-ге жуық орыс, совет өкіметі кезіндегі, шетел көркемөнерін табыс етті. Көптеген жылдар бойы ол өзінің топтамасын зерттеді, және зертеген топтамаларын музейге бергені, ғылыми зертеушілік жұмысқа пайдасын тигізді. 1991 жылы музейге Неврозовтар аты тіркелді. 1995 жылы Ю. В. Неврозов Қазақстаның көркемөнеріне көп еңбек сіңіргені үшін парасат орденімен марапатталды. Қазақстан музейлерінде 3600-ға жуық көркемөнер еңбектері сақталған. Сонымен қатар музейге 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басындағы орыс көркемөнерінің экспозициясы да ұсынылған. Қазақстанның бейнелеу өнері жарқын суреттелген атамекен дәстүрі
Жаз - төрт мезгілдің бірі. Жаз айлары өте ыстық, әсіресе шілде айы. Балалар демалысқа шығып, қуанып, асыр салып достарымен таңнан кешке дейін ойнайды. Ал кейбірі жүктерін жинап, алыстағы туыстарына жол тартады. Жазда күн астында жүріп-ақ қарайып кетесің. Мен өзім Қызылорда облысының тұрғынымын. Қызылордада жаз өте ыстық болады. Арасында жаңбыр да жауып тұрады. Жаз мезгілінде егін егіп, бақшаның жұмысымен жүресің. Не ексең, соны орасың дегендей, қалай еңбектенсең, егіндерін жемісін береді. Әрине, біздің көп жейтін жемістеріміз қауын-қарбыз. Біз оларсыз жазды өткізе алмаймыз. Жаз мезгілінде алыстан құстар ұшып келеді, олар да шуласып, аспанда шыр-көбелек айналып жүреді. Сайраған бұлбұлдар, қаңқылдаған қаздар, тақылдаған тоқылдақтар осының бәрі жаздың сәні демейме?! Бақшамызда түрлі гүлдер бүршік жарып, гүлдерін ашуда, оларға бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақты және т.б. жатқызамыз. Міне, осылай жазда өтіп кетеді. Әне-міне дегенше, күзде келіп, балалар да сабақтарына жол тартады