3.Теменде берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып, сабақтас
құрмалас сөйлемді толықтыр
Мыңның түсін білген..., мыңның түрін біл. Жауын жау..., үйде отырамын. Мен айтқан...
дейін, ол жазып койыпты. Сабақ оқыма..., бес алмайсың. Мен қанша тырыссам ...,
емтиханды жаксы тапсыра алмадым.
Туған жер, кіндік қаным, тамған жерім,
Шыр етіп, жарық дүние келген жерім.
Бөленгем, ақ бесікке сонда алғаш,
Айналдым, мен өзіңнен туған жерім.
Бұлақтар бастау алған Алатаудан,
Өзен боп Аспарамдай сарқыраған.
Кең дала, сай-төбелі, шыбырым бар,
Бұл менің, туған жерім Қызыл Еңбек.
Жаз жайлау болған сонау Қасқасуым,
Көк майса, қызыл, сары гүлге толған.
Арша мен шырша өскен тау бөктерлеп,
Айналдым жер ұйығым туған жерім.
Тастақты мекен еткен менің елім,
Бау-бақшаң жайқалады туған жерім.
Еліме нәр бергіңде, сән бергіңде,
Көркейіп, гүлдене бер туған жерім.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.