Қ, 3. Я
секунд
аспан денелерінің бір-бірінен қашықтығын жердегі өлшем-
Ғарыш кеңістігінде шек жоқ.
мен, айталық, километрмен өлшеу мүмкін емес.
Жарық секундына 300 000 километр жыл-
дамдықпен таралады. Ол жерге Айдан 1,3 ce-
кундта, Күннен 8 минуттан сәл астам уақытта жетеді. Біз
ден ең жақын жұлдызға дейінгі аралықты жарық 4 жылда
жүріп өтеді. Құрамына Күн жүйесі кіретін әлемнің шағын
ғана бөлігі – Ғаламның* бір шетінен екінші шетіне жарык
100 мың жылда әрең жетеді.
Ғарышқа жұлдыздық жүйелер – бүкіл ғалам, олардың
аралықтарындағы әлемдік бос кеңістіктер, әлемдік шаң-
тозаң мен газ шоғырлары, әлемнің түкпір-түкпірінен тас-
қындап таралатын түрлі сәулелер жатады.
Жерді қоршаған дүние «Ғалам» немесе «Ғарыш» деп
аталады.
«Ғалам» энциклопедиясы
и 5
екен
-ЫГ
Мәтіннен белгілеген тірек сөздерің бойынша мәтіннің мазмұнын
жа
айт.
-M
:
ооо
• Мәтіндегі таралады, жетеді, тұрады, жатады етістіктерінің
қай мезгілде болған әрекетті білдіріп тұрғанын айтып көр.
Асыланбек: – Сәлем,Сара.Жаман емес,өзіңде ше?
С: – Жақсы.Үй іші қалай?Олармен көріспегелі көп болды.
А: – Бәрі аман-есен.Олар да сені сағынып жүр.
С:– Сәті түскенде барып қайтармын.
А: – Сара,бір сұрақ қойсам бола ма?
С: – Әрине.Бірақ,сабаққа қатысты болса...
А: – Жоға,мүлде ол туралы емес.Менің екі ағамның да өз отбасылары бар және олар ата-анамыздан бөлек тұрады.Әпкем жақында тұрмысқа шығады.Ең кішісі менің де өз шаңырағымды құруым керек... Сонда анам мен әкемнің қасында кім қалмақ?Біз оларды жалғыз тастап кепеуіміз керек қой...
С: – Әрине,сен қара шаңырақта қаласың.Өйткені,сен отбасыларыңдағы кенжесісің.
А: – Неге кенжесі қалуы керек?
С: – Қазақ отбасында кенже ұл – қара шаңырақ иесі.Ал,қара шаңырақ деген ата-анаң құрған шаңырақ. Қазақта кенже ұл ерекше мейіріммен өседі. Атадан қалған ұяның жылылығын ұстау шаңырақ иесі – кенже балаға жүктелер міндет.Осыны есіңде ұста.
А: – Түсіндім.Қара шаңыраққа ие болудан қашқаным емес...Жәй ғана мені мен де ағаларым секілді бөлек кетсем,ата-анамның қасында кім қалмақ деген ойлар мазалаған еді.Жауабың үшін көп рахмет!
С: – Оқасы жоқ.Сендей ұлдары бар көкем мен анам қандай бақытты.Осы бетіңнен тайма,Асыланбек!
А: – Әрине!Келесі кездескенше!
С: – Сау бол!
Тойбастар - қыз ұзату, үйлену, т. б. тойларда айтылатын өлең түрі. Үйлену тойының ең соңғы күнінде жігіттер мен қыз-келіншектер жиналып, қоштасу кешін өткізеді. Сол кеште жастар жағы әр түрлі ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеріп өлең айтады. Той аяқталғанда тойбастар әні айтылады. Тойбастардың мазмұн-мақсаты той иесін мадақтап, отбасы құрғалы отырған екі жасқа игі тілек, бата, ақыл-кеңестер айту. Айтушының қабілетіне қарай жаттанды өлең түрінде де, жанынан шығарылып та айтыла береді. Өлең құрылысы, ұйқасы көбінесе қара өлең, жыр үлгісінде келеді. Тойбастар шілдехана, сүндетке отырғызу тойларында, үй-ішінің, ауылдың, қаланың басқа қуаныш-қызықтарында айтылады. Тойбастар жиын-тойдың аяқталғанын, бірақ қуаныштың алда да жалғаса беретінін білдіреді. Сыңсу - қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс-салт жырларының бірі.Бұл - қыздың ұзатылар алдындағы ел-жүртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып- өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады. Сыңсуды ұзатылатын кыздың сіңлілерімен не жеңгелерімен үй-үйді аралай жүріп белгілі әуенмен айтатын болған. Сыңсудың өлеңін ақындар немесе қыздардың өздері шығарған. Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу арқылы жұртқа өзінің мұңын, қайғы-қасіретін жеткізген.