33. Мәтінді оқы. Оразда кітап мол екен. Шкафтың жоғарғы үш сөресі
толып тұр. Әдемі тізіліп жиналған.
Шкафтың төменгі сөрелері де бос емес. Онда мал
мен құстың, аңның, адамның неше алуан мүсіндері
тізіліп тұр. Тауық, өгіз, керіктің мүсіндері өздерінен
еш аумайды. Бұларды Ораздың өзі жасаған еді.
Балдырған» журналынан
• Қарамен жазылған сөздердің түбірін тап. Оларға түрлі жұр-
нақтар қосу арқылы туынды зат есім жаса.
Зерттеудің мақсаты: кхмер аңыздарының басқа халықтың аңыздарымен ортақ және айқын қасиеттерін анықтау; аңыздың даму деңгейіне қоршаған ортаның, дәуірдің және басқада жағдайлардың әсерін анықтау болып табылады. Зерттеу жұмыстары барысында автор "аңыз", "миф" сияқты ұғымдарға сүйенеді де, келесідей тұжырымға келеді, яғни жоғарыда атап өткен ұғымдарды талқылау әр кезде түсінік бере алмайды: аңыз немесе миф ұғымы әр халықтың ауыз әдебиетімен шартталған, белгілі бір халық ауыз әдебиетінің шығармасын солай атауға құқылы.
Кхмер аңыздарын антикалық және түрік аңыздарымен салыстыра келе, шығарма авторы әр халықтың аңыздары мен кхмер аңыздарының тақырыптарнының ортақтығы мен айқын оқиға желісінің әркеттестігі мен ықпалы жайлы жазады. Әсіресе Камбоджияның қазіргі уақыттағы қолданыстағы қала, елді-мекен, өзен, көл аттарының топонимикалық аңыздары атап өтілуі қайран қалдырады, бұл кхмер аңыздарының бірегейлгіне куә болып табылады. Бұл аңыздардың ғалымдармен толыққанды зерттелмеуі, бүгінгі ұрпақтта кхмер аңыздары жайлы ақпараттың болмауы (сауалнама нәтижесі арқылы расталған) және олардың өздерінің тілдік кешенінде сақталуы, халық ауыз әдебиеті жайлы білімді тереңдетуге септігін тигізу мүмкіндігі бұл жұмысты қазіргі уақытта өзекті етеді.
Әкем-ақылшым.
Әр отбасында әкенің орны ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі өзіме үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанам. Отбасының береке, ынтымағы үшін әкемнің әділ, ұстамды болуы мен үшін орасан маңызға ие. Отбасымыздың ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі – менің әкем.
Әкем менің асқар тауым, тірегім,
Бәрінен де сен қымбатсың білемін.
Қанат қағып кетсем алыс қияға,
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.
«Әке - асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші!. Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені біз үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі қымбат, ең қымбат адамым ол - менің сүйікті әкешім. Әкем менің кішкентайдан ақылшым, қамқоршым. Мен сізден көп тәрбие алдым.
«Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Бұл дүниеде алуан түрлі тағдыр бар. сол тағдырдың басты себепкері - біз сияқты балалар. Алайда өмірдің есігін көзі тырнап аша салысымен әкенің «Балам, ботам» деген еркелетер сөзін естімей жетім немесе тастанды бала болып дүниеге келіп жатқан сәбилер де бар. Сәби көңіл әкесі тіпті ол ойлағандай жақсы адам болмасада, «Шіркін, менің әкем болса қандай жақсы болар еді!» деп армандайды. Осындай балаларды көргенімде өзімнің анам да, әкем де бар екеніне өзімді бақытты санаймын. Сол бақытымды ешқашан айырмаса екен деймін. Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы - осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін