33. Мәтінді түсініп оқы. 58
Су – тіршілік көзі. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың
қатысуымен жүреді.
Су – табиғатта ең көп тараған зат. Оның адамға пайда-
Ссы мол. Әсіресе, минералдық сулар адам ағзасына пайдалы.
Сондықтан ондай суларды шипалы сулар деп те атайды.
Суды таза сақтау керек. Су ағатын арықтарды, өзен мен
көлдің жағалауын ластамау керек.
• Мәтін не туралы?
• Судың адамға тағы қандай пайдасы бар?
• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қой.
Мәтін не туралы?
Мәтін су туралы.
Судың адамға қандай пайдасы бар?
Су денсаулыққа өте пайдалы.
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қой.
Қандай су адамға пайдалы?