Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар.
Жер бетіндегі ең көп тараған зат – су. Глобусқа немесе жартышарлар картасына қарайықшы онда жершарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған.
Ол – су: мұхиттар, теңіздер, өзендер көлдер. Судың біразы жер астына шоғырланған. Мұның бәрі – сұйық күшіндегі су.Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады.Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман,бу және жаңбыр мен қар түрінде болады.
Табиғатта қо жоқ, тап – таза су дегенді таппайсың. Таза суды тек лабараторияда ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда тірі организімге қажетті тұздар да болмайды. Теңіз суының құрамында өте көп мөлшерде еріген тұздар бар, оның ішуге жарамайтыны сондықтан.
Судың тағы бір кереметтігі ол жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі.
Жер шарындағы судың мөлшері өзгермейді.Теңіз бен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауады, яғни қайта суға айналады.
Осы бір қарапайым қағидаға зер салсақ, суға қаттысты талай деректерді келтіруге болады. Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80 – 95% судан тұрады. Жануарлар мен адам денсінде де су көп . Адам ағзасының бүкіл салмағының жартысынан көбі судың үлесіне тиеді.Ол қанның , ас қорытатын сөлдің ,сілекейдің құрамына кіреді. Салмағы 70кг адамның денесінде 50кг су болады. Оның мөлшері 17кг кемісе адам өледі.
Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады.
Су барлық өсімдіктер мен жануарлар ағзасының құрамына кіреді.
Іркілдек теңіз жәндігі медузаның бүкіл салмағының 99 проценті судан тұрады.
Егер 1 кг қарбызды кептірсе, одан 20 гр ғана құрғақ зат қалады, яғни 98 проценті судан құралады.
Адам салмағының 65 проценті су десек, соның 10 – 20 процентінен айрылса тіршілік тоқтайды.
Адамның тамағына және ішуіне тәлігіне 2 – 3 литр су керек. Адам тек тамақтанудың өзіне жылына 60 тонна су тұтынады.
1 кг қартоп өсіруге 300 литр, 1кг бидай 1200 литр су жұмсалады. Ал қант қызылшасына, мақтаға, әсіресе күрішке, одан да көп су қажет.
1 тонна шойын қорытуға – 130 тонна, ал 1 тонна алюминий алуға 1000 тонна су қажет болады.
Су әр алуан заттарды ерітеді, содан да ол тамақ өнімдерін сіңіру үшін керек.
Су болып тұрғанда организмде өмірлік маңызы бар көптеген химиялық реакциялар жүріп жатады. Су тіпті, қатты сүйектің ішінде өзінің міндетін атқарады. Оны дененің әрбір жасушасынан табуға болады.
Біз қап – қатты мұз да, газдай жеп – жеңіл бу да су болғаны ма деп таң қаламыз. Бұл судың негізгі қасиеті. Ол сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрлі күйде кезігеді.
Сумен шынығуда сулы шүберекпен сүртіну, суға шомылу, су құйылу сияқты працедурасын қолдану, су құйыну - шынығудың ең тиімді түрі. Жылы судан бастап бірте бірте салқын суға көшу. Суық су ішкі жылулықты сақтап тұрады. Суық су әртүрлі ауруларды емдейді.
Қазіргі уақытта Жер шарында жыл өткен сайын ауыз судың қадірі біліне түсуде. Дүние жүзінің көптеген елінде су сатушылар үйреншікті көрініс болып саналады. Дамушы елдердің кейбіреулерінде от басының табысының 10 проценті су сатып алуға кетеді. Грек елінің кейбір өңірлерінде су алыстағы таудан тасылып әкелінетіндіктен шараптан қымбат бағаланады.Су цистернамен әкелінетін ауылдар өз елімізде де кездеседі.
Гонконг, Сингапур суды көрші елден сатып алады. Австралиялықтар Альпі мұздықтарының суын Германияға апарып 2 литрлік қағаз құтыларға құйып сатады.Европаның бірсыпыра шикізаттары бәрінен де гөрі су мың есе артық тұтынады.Бұлардың бәрінен кейін жалпы Жер шарында тұщшы су қорының шектеулі екені анық көрінеді. Сондықтан «Судың да сұрауы бар» деген халық даналығы біздің еліміз үшін өте – мөте маңызды екенін әр уақыт есте ұстаған абзал.
Су біздің байлығымыз, оған қамқорлықпен қарау әр уақытта естен шығармауымыз керек.Суды қорғауға сіздер және біздер болып барлығымыз атсалысуымыз керек.
Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті .Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне – бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен. Дәу: - Қайда бара жатқан шалсың? Кел екеуміз күш сынасайық – деп қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де қайта қағып алып: Ал шал, сен де осылай қақпаққыл етші дейді. Шал сасып, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады. Сонда дәу: - Е, неғып тұрсың. ЛАҚТЫР – дейді. Шал тұрып: - Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді. Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да: - Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз - деп жалынып қойғызады. Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге: - Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді. Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қаны - жыны арылмаған ішек қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек қарын шығады. Дәу қорқады: Сосын шал: - Кел енді жердің миын шығарайық, - дейді. Дәу бар пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады .Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. Мына шал не деген орасан күшті деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры шал онан қалай құтыларын білмей: - Енді қайт. Ертең бізге қонаққа кел, - дейді. Дәу: Жарайды деп – кетіп қалады. Шал үйіне келіп, кемпіріне: - Ертең дәу қонаққа келеді, - дегенде: - Ойбай, немізді береміз - деп сасады кемпір. Шал тұрып: - Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше. Не істеймін шал, - деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып тұра ұмтыл! – деп кемпіріне үйретіп қойады. Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір тұрып: - Шал нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ деп! - депті. Сонда шал тұрып: - Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе досым дәудің өзін ас! - дегенде, кемпір пышағын алып тұр ұмтылады. Үш дәу тым тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп әкетеді. Шал айқайлап: - Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да құтылмайсын! - дейді. Дәу лашықты тастай сала қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады. - Тақсыр қайдан қашып келесің - дейді түлкі. - Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, - дейді. Түлкі: - Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме - менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, - деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады: - Ей, түлкі-ау Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар, үш дәуді сол үшін бергелі жатырсын ғой! Бәрі бір онымен бітпеймін! - деп дауыстайды. Сонда дәу қорқып, бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой, - деп ойлап түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.
Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар.
Жер бетіндегі ең көп тараған зат – су. Глобусқа немесе жартышарлар картасына қарайықшы онда жершарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған.
Ол – су: мұхиттар, теңіздер, өзендер көлдер. Судың біразы жер астына шоғырланған. Мұның бәрі – сұйық күшіндегі су.Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады.Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман,бу және жаңбыр мен қар түрінде болады.
Табиғатта қо жоқ, тап – таза су дегенді таппайсың. Таза суды тек лабараторияда ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда тірі организімге қажетті тұздар да болмайды. Теңіз суының құрамында өте көп мөлшерде еріген тұздар бар, оның ішуге жарамайтыны сондықтан.
Судың тағы бір кереметтігі ол жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі.
Жер шарындағы судың мөлшері өзгермейді.Теңіз бен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауады, яғни қайта суға айналады.
Осы бір қарапайым қағидаға зер салсақ, суға қаттысты талай деректерді келтіруге болады. Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80 – 95% судан тұрады. Жануарлар мен адам денсінде де су көп . Адам ағзасының бүкіл салмағының жартысынан көбі судың үлесіне тиеді.Ол қанның , ас қорытатын сөлдің ,сілекейдің құрамына кіреді. Салмағы 70кг адамның денесінде 50кг су болады. Оның мөлшері 17кг кемісе адам өледі.
Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады.
Су барлық өсімдіктер мен жануарлар ағзасының құрамына кіреді.
Іркілдек теңіз жәндігі медузаның бүкіл салмағының 99 проценті судан тұрады.
Егер 1 кг қарбызды кептірсе, одан 20 гр ғана құрғақ зат қалады, яғни 98 проценті судан құралады.
Адам салмағының 65 проценті су десек, соның 10 – 20 процентінен айрылса тіршілік тоқтайды.
Адамның тамағына және ішуіне тәлігіне 2 – 3 литр су керек. Адам тек тамақтанудың өзіне жылына 60 тонна су тұтынады.
1 кг қартоп өсіруге 300 литр, 1кг бидай 1200 литр су жұмсалады. Ал қант қызылшасына, мақтаға, әсіресе күрішке, одан да көп су қажет.
1 тонна шойын қорытуға – 130 тонна, ал 1 тонна алюминий алуға 1000 тонна су қажет болады.
Су әр алуан заттарды ерітеді, содан да ол тамақ өнімдерін сіңіру үшін керек.
Су болып тұрғанда организмде өмірлік маңызы бар көптеген химиялық реакциялар жүріп жатады. Су тіпті, қатты сүйектің ішінде өзінің міндетін атқарады. Оны дененің әрбір жасушасынан табуға болады.
Біз қап – қатты мұз да, газдай жеп – жеңіл бу да су болғаны ма деп таң қаламыз. Бұл судың негізгі қасиеті. Ол сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрлі күйде кезігеді.
Сумен шынығуда сулы шүберекпен сүртіну, суға шомылу, су құйылу сияқты працедурасын қолдану, су құйыну - шынығудың ең тиімді түрі. Жылы судан бастап бірте бірте салқын суға көшу. Суық су ішкі жылулықты сақтап тұрады. Суық су әртүрлі ауруларды емдейді.
Қазіргі уақытта Жер шарында жыл өткен сайын ауыз судың қадірі біліне түсуде. Дүние жүзінің көптеген елінде су сатушылар үйреншікті көрініс болып саналады. Дамушы елдердің кейбіреулерінде от басының табысының 10 проценті су сатып алуға кетеді. Грек елінің кейбір өңірлерінде су алыстағы таудан тасылып әкелінетіндіктен шараптан қымбат бағаланады.Су цистернамен әкелінетін ауылдар өз елімізде де кездеседі.
Гонконг, Сингапур суды көрші елден сатып алады. Австралиялықтар Альпі мұздықтарының суын Германияға апарып 2 литрлік қағаз құтыларға құйып сатады.Европаның бірсыпыра шикізаттары бәрінен де гөрі су мың есе артық тұтынады.Бұлардың бәрінен кейін жалпы Жер шарында тұщшы су қорының шектеулі екені анық көрінеді. Сондықтан «Судың да сұрауы бар» деген халық даналығы біздің еліміз үшін өте – мөте маңызды екенін әр уақыт есте ұстаған абзал.
Су біздің байлығымыз, оған қамқорлықпен қарау әр уақытта естен шығармауымыз керек.Суды қорғауға сіздер және біздер болып барлығымыз атсалысуымыз керек.
Дәу:
- Қайда бара жатқан шалсың? Кел екеуміз күш сынасайық – деп қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де қайта қағып алып: Ал шал, сен де осылай қақпаққыл етші дейді.
Шал сасып, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.
Сонда дәу:
- Е, неғып тұрсың. ЛАҚТЫР – дейді.
Шал тұрып:
- Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді.
Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:
- Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз - деп жалынып қойғызады.
Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге:
- Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді.
Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қаны - жыны арылмаған ішек қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек қарын шығады. Дәу қорқады:
Сосын шал:
- Кел енді жердің миын шығарайық, - дейді.
Дәу бар пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады .Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. Мына шал не деген орасан күшті деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры шал онан қалай құтыларын білмей:
- Енді қайт. Ертең бізге қонаққа кел, - дейді.
Дәу:
Жарайды деп – кетіп қалады.
Шал үйіне келіп, кемпіріне:
- Ертең дәу қонаққа келеді, - дегенде:
- Ойбай, немізді береміз - деп сасады кемпір.
Шал тұрып:
- Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше. Не істеймін шал, - деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып тұра ұмтыл! – деп кемпіріне үйретіп қойады.
Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір тұрып:
- Шал нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ деп! - депті.
Сонда шал тұрып:
- Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе досым дәудің өзін ас! - дегенде, кемпір пышағын алып тұр ұмтылады. Үш дәу тым тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп әкетеді. Шал айқайлап:
- Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да құтылмайсын! - дейді. Дәу лашықты тастай сала қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады.
- Тақсыр қайдан қашып келесің - дейді түлкі.
- Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, - дейді.
Түлкі:
- Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме - менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, - деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады:
- Ей, түлкі-ау Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар, үш дәуді сол үшін бергелі жатырсын ғой! Бәрі бір онымен бітпеймін! - деп дауыстайды.
Сонда дәу қорқып, бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой, - деп ойлап түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.