4.4.26Сөз таптарының сөйлемдегі қызметін анықтау. -тапсырма
Мәтіннен бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді тауып, көшіріп жаз. Бірыңғай мүшелердің
ыныс белгісін көй. Олар сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұр. Астын сыз.
Қазақ - қонақжай халық
Қазақ халқы танымаса да, «құдайы қонақпын» деген адамды қарсы алады. Жол
жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға үйге қонақ бола береді.
Қазак үшін қонақтарды қарсы алмау күтпеу – ұят. Қонақты қарсы алуға
шығарып салуға ерекше мән береді. Қонақ келгенде үй иесі есікті өзі ашып үйге
кіргізіп өзі қонақтардан кейін кіріп есікті жабуы керек. Бұл - қонақпен келген
«құт» «ырыс» бірге кірсін дегені
Қонақ күту – қазақ халқының ең жауапты ісі. Қонағын риза етуге тырысады.
Ең алдымен қонақтарға қымыз шұбат ұсынады. Содан кейін шай ішiледi. Шайдан
кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі бар жағдайды жасайды Ауылдағы
әнші күйшілерді шакырып, қонақтардың көңілін көтереді.
Шетелден келген қонақтар «Қазақ халқы – конақжай халық» деп бекер
айтпайды.
Бұл сұраққа жауап табу маған қиынға соғып тұр, сонда да мен өзімнің ойымды жазайын!Мен бай болсам біріншіден мен экологиялық мәселелерді шешер едім,Мысалы мұнайсыз өмір жоқ деп халық шулап жатыр,Мұнайдың бізге сөссіз пайдасы көп,Мұнайдан бензин,жағар жанар май,пластиктің түрін бәрін атасам оның есебі жоқ,Бірақ ол мұнайды табу да а экологияға ,табиғатқа көп зиян келтіреді,Қарандаршы Арал теңізі жер бетінен жоғалып барады,ал Каспий теңізінің флорасымен фаунасын жоққа келтірді,Қанша шағалалар ,балықтар ,тюленьдер өліп жатыр,Осының бәрі мұнай бұрғылау себебінен,Адамға ақша да,байлықта ешқашан жетпейді,Сондықтан бай болу маған арман емес" Қазіргі уақытта сабағымды оқып бітіріп,мамандық алу,ата-анама көмектесу,азаматтар қатарына қосылу осы байлық деп ойлаймын!
«Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.