4. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны белгілеңіз. A) Еңбек - өмір рахаты.
B) Олар бір-бірлеп келе бастады.
C) Үйде екі-ақ адам отыр.
D) Телефон-автомат бұзылып қалыпты.
E) Ол мәселені шешіп кетті.
5. Анықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез.
B) Іздеген жетер мұратқа.
C) Тау жақтан баяу жел еседі.
D) Әбіштен келген екен.
E) Жауын сіркіреп тұр екен.
6. Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
A) Сәуле кеше келді.
B) Алатау - әсемдіктің символы.
C) Ол шешесіне хат жазды.
D) Сымбат – үлгілі қыз.
E) Баласы тиянақты екен.
7. Пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді анықтаңыз.
A) Асқар тауды кеуделеп жүріп келеміз.
B) Жас мұраты – білім.
C) Ауыл ақсақалы жастарға алғыс айтты.
D) Омар жолдасымен кездесті.
E) Тақырыбы дұрыс емес.
8. Оңашаланған айқындауышы бар сөйлемді табыңыз.
A) Отарбай, жас мұғалім, сабақты жақсы өткізді.
B) Оспан – Амангелді батырдың жолдасы.
C) Бұл жорыққа Барақ батыр қатысады.
D) Қаз дауысты Қазыбек би – орта жүздің биі.
E) Абылай хан – үш жүзді біріктірген хан.
9. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Ауылдың малы өсті.
B) Асан ұйықтап қалды.
C) Досанның тауға барғысы келді.
D) Бұл - үлкен сыйлық.
E) Ермек өте жақсы оқиды.
10. Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін белгілеңіз.
А) Жақсыз сөйлем.
В) Құрмалас сөйлем.
С) Жай сөйлем.
D) Толымды сөйлем.
Е) Жақты сөйлем.
11. Жақты сөйлемді көрсетіңіз.
А) Енді сізге айтуға тура келді.
В) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
С) Ол дос жүрегіне сенеді.
D) Нені айтып отырғанын түсініп болмайды.
Е) Менің айтқаным келді.
12. Жақсыз сөйлемнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Бір ғана сөзден жасалса.
B) Іс, оқиғаны баяндамай, атап қана тұратын сөйлем.
C) Сөйлемнің оқшау келетін түрі.
D) Баяндауыштың өзі сөйлемге негіз болатын түрі.
E) Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің қатысуы.
13. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
A) Талай сырды атқардық.
B) Мен елдің елшісімін.
C) Рахмет күлді, қуанды.
D) Біздің замандасымыз қандай екен?
E) Қазақтың осынысы ұнайды.
14. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.
A) Мен кетіп барамын.
B) Сендер қараңдар.
C) Үй жап-жарық.
D) Ол өте көркем жігіт.
E) Айдала.
15. Атаулы сөйлемді анықтаңыз.
A) Сені тексергім келіп тұр.
B) Тәңірберген осы жолы үндемеді.
C) Айсыз қараңғы түн.
D) Инабаттылықты қастерлейік.
E) Еңбек етсең, емерсің.
16. Толымды сөйлемнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Бастауышы бар, баяндауышпен қиыса байланысқан сөйлем.
B) Бастауышы жоқ сөйлем.
C) Ойға қатысты сөйлем мүшелері қатынасқан сөйлем.
D) Ойға қатысты сөздің толық берілмеген сөйлем түрі.
E) Тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.
17. Жалпылау есімдігінен болған бастауышты табыңыз.
A) Бәріміз уәдені орындадық.
B) Жата-жастана айтарсыз.
C) Мен ертең келемін.
D) Қашан келесіңдер?
E) Біз тез келдік.
18 . Анықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез.
B) Іздеген жетер мұратқа.
C) Тау жақтан баяу жел еседі.
D) Әбіштен келген екен.
E) Жауын сіркіреп тұр екен.
19. Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
A) Сәуле кеше келді.
B) Алатау - әсемдіктің символы.
C) Ол шешесіне хат жазды.
D) Сымбат – үлгілі қыз.
E) Баласы тиянақты екен.
20. Пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді анықтаңыз.
A) Асқар тауды кеуделеп жүріп келеміз.
B) Жас мұраты – білім.
C) Ауыл ақсақалы жастарға алғыс айтты.D) Омар жолдасымен кездесті. E) Тақырыбы дұрыс емес.
ұ
Сұрақтарға жауап:
1. Әкесі Абайға өзінің қасында жүретін көмекші,кейін ізбасары,мұрагері ретінде үміт артады.
2.Ол кезде Абай он үш жаста болатын.
3.Абай ел атқамінерлеріне әкесінің сәлемін жеткізіп, олардың жалуабын алып келу сияқты тапсырмаларды орындайды.
4.Жақын туысы Кәкітай Абай туралы:" Он бес жаста балалық қылмай,үлкендерден білімі артылып, ел ішінде жұртты өзіне қаратып,басшылыққа бұрынғы төрелермен талас қылып,әкесіне көмегі тиген.
Жиырма жасында Абай халық ортасында маңдай басы шешен болады.Өзінің зейіні артық болған соң,ескі мақалдарды,неше түрлі қазақтың білімділері мысал үшін айтқан әңгімелерді бірін қалдырмай біліп алған",-деп жазады.
5. Әрине,ер бала әкеге қарап бой мен ой түзейді.Әкесінің тәрбиесін өзіне жақын тартады."Әке көрген оқ жонар" деген де соны білдіреді.Ал әке болса өз баласының соңынан ергенін қалайды.Жіберген қателіктерін түзеп,кеңесіп отырады.