4. Белгілі ғалым, саяхатшы О.Маабаевтың пікіріне сүйене отырып, саяхаттың пайдасын төл сөз бен автор сөзін қатыстыра отырып жазыңдар.
Өзге елді араламас бұрын өз еліңді бес саусақтай білуің қажет. Мәселен,
қазір оңтүстікте тұратын бала Каспийді, батыстың баласы Алтайды, шығыстың
баласы Көкшетауды көрмеген. Олай болмайды. Оқушылардың патриот болуы,
әдемілікті сүюі өлкетанудан басталады. Еліміздің табиғаты неше рет шарласан
да, тандандырмай қоймайды. Таныған сайын таңғаласың, тарихқа жүгінесің,
білімің артады.
( «Ұлан» газеті)
Туған табиғатқа саяхат.
Әр адамның туған жері өзіне ыстық.Менің
туған жерім - Сыр өңірі.Туған жерімді
ойласам, Фариза Оңғарсынова апамыздың:
Отуған жер,кең пейіл,құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.
Сағынышымды қанат қып саған қарай,
Балапандай талпынып ұшамын мен,-деген
өлең жолдары есіме түседі. Алысқа
сапарласам елімді сағынып,қайтқым
келіп тұрады."Туған жердей жер
болмас, туған елдей ел болмас",-деп бекер
айтылмаған.Туған табиғатқа саяхатты
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану
музейінен бастайық.Онда Сыр өңірінің
ежелгі, орта ғасырлық және жаңа өмірді
қамтыған залдарын аралап тарих
шежіресімен танысасыздар.Ә.Тәжібаев
атындағы облыстық ғылыми кітапхананы
көріп тамашалайсыз,тұңғыш президентіміз
Н.Ә.Назарбаев атындағы паркке серуендеп
тынығасыз.Сыр еліндегі Қорқыт Атаның
мемориалды ескерткішіне барып көруге
болады.Кешеннің аумағы ат шаптырым
жерді алып жатыр.Қобыз пішіндес
ескерткіштен,желдің соғуымен шыққан
қобыздың сырлы үні құлағыңызға.