4. Емле ережелеріне сүйеніп, пунктуациялық қателерді түзетіндер. Елордамыз менің шығармашылығыма жаңа тыныс жа-
ңа леп әкелді бас қала болғаннан кейін ақын ағаларымыз қо-
ныс аударды әдеби ортаның жаңа әлемі қалыптаса бастады
Қазақстан Жазушылар одағының филиалы ашылды енді бас
қаламыз экономиканың ғана орталығы емес әдебиет пен ру-
ханияттың да ордасына айналды көптеген жоғары оқу орын-
дары бой көтерді жан-жақтан таланты тас жаратын жастар-
дың басы жиналды қайтадан қыран құстай түлеуіме ақын бо-
лып танылуыма осының әсері тиді елордаға жас ақындар көп-
теп келген соң бір-бірімізбен шұрқырасып табыстық бір өлең
жазсақ, соны оқуға асықтық...
(Қалқаман Сарин)
Відповідь:
Пояснення:
Елордамыз менің шығармашылығыма тыныс, жаңа леп әкелді. Бас қала болғаннан кейін, ақын ағаларымыз қоныс аударды. Әдеби ортаның жаңа әлемі қалыптаса бастады. Қазақстан Жазушылар одағының филиалы ашылды. Енді бас қаламыз экономиканың ғана орталығы емес, әдебиет пен руханияттың да ордасына айналды. Көптеген жоғары оқу орындары бой көтерді. Жан-жақтан таланты тас жаратын жастардың басы жиналды. Қайтадан қыран құстай түлеуіме, ақын болып танылуыма осының әсері тиді.Елордаға жас ақындар көптеп келген соң, бір-бірімізбен шұрқырасып табыстық. Бір өлең жазсақ, соны оқуға асықтық.