Ерен ағашы өсімдіктердің зәйтүндер тұқымдасына жатады. Оны ғылыми тілде «соғды ерені» деп атайды. Ол ылғал сүйгіш ағаш болғандықтан, өзен аңғарын бойлай өседі. Ағаштың діңі темір сияқты өте қатты әрі салмақты болғандықтан, суға батып кетеді. Оны балтамен ұзыннан шауып сындыру мүмкін емес, тек көлденеңінен аралап кесуге болады. Діңі тік өсіп, биіктігі 20-25 метрге дейін жетеді.