В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
esbolat2000
esbolat2000
10.12.2020 02:07 •  Қазақ тiлi

4 Класс 55 б склонения Есте Сактайтык ПАЖЕ

Показать ответ
Ответ:
Bollsav
Bollsav
20.05.2021 22:57

ответ:қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. өнер ға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние.оның құндылығы орасан зор. сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда өз ойын тасқа , сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі- ою-өрнек өнері. қазақтың қол тума сәндік өнерінің барлық түрлеріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. сондықтан да қолөнер заттарының әр қайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек. бір кезде тасқа, ағашқа , сүйекке түсірілген ою-таң келе-келе киізге, алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған. ол белгі таң арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғартып, біліп отырған. бұдан ою-өрнек белгі таң өмір қажетінен туғанын байқауға болады. мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрп салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылған қыз ң белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберуі тиіс екен. сәлемдемеде жас келіншек өзінің күйеуге шыққаннан кейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт болған. қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп. ою-өрнек тарихына ой жіберсек, көп мағлұмат аламыз, кезеңдерін байқаймыз, уақыт өткен сайын жетіле бергенін көреміз. сонымен, ою-өрнек дегеніміз қ және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып , үйлесімді құрылуы.

Объяснение: объяснение жок!

0,0(0 оценок)
Ответ:
Asuacom
Asuacom
01.03.2022 08:03

Астана күні қалай тойланады?

Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.

Астана күні елімізде мемлекеттік мереке саналады, әр жылдың 6 шілдесінде қала күні аталып өтіледі. Жыл сайын бұл күні бүкіл Қазақстан бойынша ауқымды іс – шаралар өткізіледі: ұлт аспаптар оркестрінің концерттері, көрмелер, халықтық серуендер, спорттық сайыстар, ұлттық ойындар, ұлттық өнер фестивальдері ұйымдастырылады. Елордаға алыс – жақын шетелдер мен еліміздің барлық аймақтарынан қонақтар мен әртістер келіп, мерекелік концертке қатысады. Қала күні қарсаңында басталған мерекелік іс – шаралар айдың соңына дейін жалғасын табады. Бұл күні жас жұбайлар отау тігуді де дәстүрге айналдырған. Мерекенің соңы мерекелік отшашумен аяқталады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота