Шымбұлақ — Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты. Талғар асуының бөктеріндегі бұл спорттық кешен 1954 жылдан бастап тау шаңғысы спортшыларының сүйікті орнына айналған. Алғашқыда бұл кешен кеңес тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған. Жарыс жолының ені 25 метр, еңістігі 11-29 градустардың аралығында, сондықтан шаңғышылардың ең жақсы жылдамдық көрсетуіне қолайлы. Техникалық сипаттамасы жағынан Еуропаның ең жақсы жарыс жолдарынан кем емес, көп жағдайда (қарының сырғанақтық сапасы бойынша) олардан артық. Кешенді жаңа жөндеу бойынша жалпы ұзындығы 6 шақырымнан екі есеге ұзартылды. Ал ені ең негізгі бөліктерінде 10-20 есеге кеңейтілген.
Менің оқыған шығармаларым көп. Оларды айта кетсем Абай жолы, Мүхтар Ауезов, Жамила. Бауыржан Момышулы Ұшқан ұя. Лев Толстой, Оскар Уайльд, Скотт Фисцжеральдтің кіитаптарын оқығанды жақсы көремін. Әсіресе сүйіп оқыған кітабым ол Абай жолы болуы керек неге десеңіз себебі ол кітаптың ішінде болып жатқан оқиғалар шынайы бейнеленген, табиғатты неткен шебер бейнелеген, Бірақ дегенмен көп адамдар бұл шығарманы түсіне бермейді себебі тілі өте ауыр. Қазақ халқына жақын кітап, әр бір қазақ оқуы тиіс деп ойлаймын осы кітапты.