4. Мәтіннен етістіктерді көшіріп жазып, қай шақта тұрғанын анықтаңыз.Адамдардың көбі демалыс күні кеш тұрады, өйткені жұмысқа асықпайды. Бұл күні ұйқыларын қандырғысы келеді.Кейбір адамдар демалыс күні ешқайда шықпайды. Үйде отырып телидидар көреді, демалады немесе демалыс күнін пайдаланып үй шаруасымен айналысады. Содан кейін жалқауланып телидидардың алдына отырады. Ал кейбір адамдар ерте тұрып, үй жұмысын тез бітіруге тырысады. Сонан соң қыдырады, қонаққа барады, қаланың сыртына шығады. Үйде отырып демалыс күндерін босқа өткізгілері келмейді.
Мен үйде отырып демала алмаймын, өйткені ішім пысады. Жолдастарыммен кездесіп, қыдыруды ұнатамын. Кейде киноға, театрларға барамыз, қыста коньки, шаңғы тебеміз, жазда жағажайға барып суға түсеміз. Мен суда онша жүзе алмаймын, ал менің жолдасым жақсы жүзеді, өйткені ол жүзумен шұғылданады.
Әрине, үйге де көмектесемін: үй ішін жинаймын, кілемдерді қағамын, еденді сыпырамын, жуамын, жиһаздың шаңын сүртемін, кірімді жуып, үтіктеймін, содан кейін оларды шкафтың сөрелеріне тәртіппен қоямын, ілемін. Тамақты да өзім пісіремін, дүкенге, базарға барып, азық- түлік, көкөніс жеміс – жидек әкелемін. Кейде күн жылы болса, саяжайға барып, әке- шешеме көмектесемін: жер қазамын тырмалаймын, арам шөптерді жұламын, оларды және түскен жапырақтарды сыртқа шығарамын, өртеймін ағаштарды суарамын,үйдің айналасын сыпырамын.
Ертең тағы демалыс күні, жексенбі. Бұл күні жоспарым өзгеше: мен ертең ерте тұрамын.Терезенің желдеткішін ашамын, керуеттің алдына дене шынықтыру жаттығуларын орындаймын, жуынамын, киінемін, таңертеңгі тамағымды ішемін. Сонан соң үй ішін жинап, жолдастарыма барамын. Ертең спорт кешенінде жеңіл атлетикадан спорт жарысы болады. Мен өзім көркем гимнастикамен шұғылданамын. Аптасына үш рет спорт кешеніне барып тұрамын. Спорттың барлық түрін жақсы көремін. Спорт жарысын көріп, кафеге барып түскі асымызды ішеміз. Содан кейін киноға барамыз.
Түстен кейін үйге қайтамыз. Үйде музыка тыңдаймын. Кешкі тамақты әзірлеймін. Менің ең жақын досым ұлттық билер үйірмесіне қатысады. Кешке оның концерті болады. Концерттен кейін үйге барып демаламын, теледидар көремін. Ерте жатамын, өйткені келесі күні жұмыс аптасы басталады.
1 Ия сусыз жасалатын өтек көп тағамдар бар. Мысалы қуырылған балыққа, фри картобына және т.б судың керегі жоқ
2 Су адамға да өсімдік пен жануарға да өие пайдалы. Суды жеткілікті мөлшерде пайдаланған жағдайда, ағзадан тұздар мен токсиндер шығарылады. Сондықтан, жұқпалы аурулар мен улану кезінде көбірек ауыз суын ішу керек.
3 Күніне мен 2литр су ішемін. Себебі әр күн сайын адам 2 литр су ішу керек. Сонда менің организмім жақсы қалыптасады.
4 Суды үнемдеу үшін оны ысырап қылмау керек. Кейбір адамдар қара суғада зар болып жүр.Тағы да тіс жуғанда,беті қол жуғанда суды тектен тек шаша бермеу керек.
Мәтін мазмұнына сай ат: Жылқының өтініші
Синоним сөз: Баяғыда-ертеде
Жылқы нені армандайды?
Сирақтары бұдан да ұзындау және сыйдаңдау болуын, мойны аққудың мойнындай ұзын болуын, төсім жалпақтау келуін, оның үстіне адамзатты арқалап жүру үшін жотасынан мәңгі алынбайтын ері болуын армандайды.
Жылқы түйені көргенде неге қорықты?
Денесі алпамсадай, тұрқы арбиған жануар болғандықтан қорықты.
Мәтін бойынша оқиға реті: С. II, III, I
Жазылым
Сәлем, Аида! Сенімен қуанышымды бөліскім кеп тұр. Біз бүгін ауылға көшіп келдік. Менің жеке бөлмем бар. Әдемі кереует пен қабырғаға жабыстырылған түрлі-түсті түсқағаздар көзімнің жауын алды. Бөлмеме сабақ үстелім мен жаңа шкаф орнатыпты. Қатты қуанып тұрмын. Сені де сағындым. Оқу аяқталысымен біздің үйге қонаққа кел. Досың Әсел!
Құрметті автор сізге жауабым ұнаған болса, маған тіркеліп, жауабымды "лучший ответ" деп басуыңызды сұраймын, рахмет!