4. Мәтіннен сапалық және қатыстық сын есімдерді табыңыз. Найдите в тексте сапалық сын есім (качественные имена прилагательные) и катыстық сын есім (относительные имена прилагательные). Сыр бойындағы жыр дүлдүлдерінің бірі Ешнияздың жас кезінде шектес ауылда Тыныс деген кыздын сөз тапқырлығы, даналығы һәм оның әдептілігі, жібектей биязылығы, тазалығы ел ішінде аңызға айналған екен. Ешнияз Тыныстың үйіне келіпті. Сырттай қарағанда, аяғын сылтып басатын, кара қызға көңілі толмай: - Тыныс-Тыныс! Мүсiн-Мүсiн! - дегенге үріп ауызға салғандай, жүзіктің көзінен өткендей, мөлдіреген жүзiмдей алкызыл нарт алмадай, көлдің көркі аккудай, ай нұрлы, албыраган ару-керім екен десем, қап-қара көрiм екен ғой! Катпыш караны оза дабыра-дакпырт еткен елде де көз қалмаған екен-ай! - дейді нығырта. Сонда Тыныс кыз: О, тәуір құрбым! Қардан аппақ ешнәрсе жоқ, ұстасаң, қолыңды тоңдырады. Қазаннан қара нәрсе жоқ ішіндегісін ішсең, мейіріңді қандырады. Қара берік хан басында ақ киіз аяк астында емес пе? Қыран құс – қырымға, құзғын құс - ырымға деген Менің ішімнің саралығына қарамай, түсімнің қаралығына қараған сіздің көзіңіз де кез емес - агарып кеткен боз екен! Көзі соқырдың көңілі соқыр – ғаріп, есуастан есірік - Ғаріп! Сол есірік пен көңілі сокырдын иә бiрi, иәпірі» болмасан неттi-дептi. - («Ел аузынан» кітабынан)
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
Астана - қахарман Қазақтың мәңгілік мәртебесі.
Астана – егемен елдің жан дүниесінің жарқылы.
Астана – теңдессіз Тәңірі дарытқан дархан халықтың ардағы.
Астана – Елбасының ерен еңбегі.
Астана – Еуразияның гүлдеген жүрегі, еркін елдің тірегі. Бұл жолдарды оқи отырып, көз алдымызға Отанымыздың бас қаласының маңғаз бейнесі келеді. Жүрегіміз мақтаныш сезімге бөленеді. Еуразияның жүрегінде орналасып, Қазақстан халқының үш негізгі идеясы – бейбітшілік, келісім мен гүлденуді өз бойына жинақтаған Астана бүтіндіктің, достастықтың және әлемдік кемелденуге қарай мәңгілік жылжудың символына айналды.
6 шілде күні Елбасымыздың астананың геосаяси жағдайын өзгерту жайлы арманынның іске асқанына 11 жыл толады.
Бағдарламаның бастамасы «Бәйтерекке» виртуалды саяхаттан басталады. Оқырмандар қаланың басты әсем орындарын аралап қана қоймай, оның авторы кім, жасаған кім, президент алақанының таңбасы нені білдіретіндігімен де танысады. Жас оқырмандарға кітапхана қызметкерлері «Сиқырлы құс» деп аталатын кітап көрмесін ұсынады. Мұнда білімқұмар балаларды қазақ ертегісін негізге ала отырып «Бәйтеректі» жасаған адаммен виртуалды кездесу күтеді.
Мерекелік шараның негізгі бөлігі - Бас қаланың өзі жайлы медиа-сұхбат. Жолбасшымен бірге Астананың ең әсем, ең маңызды жерлерін аралап, олардың тарихына бойлап, қаланың ерекше архитектуралық құрылыстарымен танысасыз.
Сұхбатты «Астана портреті» атты кітап көрмесі толықтырады. Көрме материалдары өткен уақыт аралығында қаланың қалай өзгеріп, жақсарғаны жайлы әңгімелеп, Астананың тарихи даму кезеңімен таныстырады. «Астана 10 жыл», «Еуразия жүрегінде», «Қазақстанның жеті кереметі» және әсем безендірілген фотоальбомдардан бүгінгі Астана Сізбен бірге сыр шертіседі.
Астана – болашақтың қаласы. Мұнда Шығыс пен Батыс, дәстүрлер мен жаңашылдық, бабаларымыздың даналығы және тәжірибесі мен болашаққа талпыну тоғысқан. Бұл Қазақстан халқының Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген жетістіктері мен табысының куәсі. Астана көркею, республикамызды жетекші шикізат көзі державасынан инновациялы экономикалы елге айналдыру саясатын іске асырады.