4. Мәтіннен жай және тәуелді септеулі сөздерді тауып, топтастырыңдар. Сөйлемде
атқарып тұрған қызметін өзара талқылаңдар.
Халқымыздың ауа райына қатысты танымы тереңде жатыр. Боранды дүлей
күшіне, ашуына, бағытына, уақытына, ұзақтығына қарай түрліше атаған.
Боранның табиғи ерекшелігін дәл танып, олардың әрқайсысына жеке-жеке ат
қоя білген тапқырлығына таңғаласың!
Ауа райына қатысты әртүрлі мақал-мәтелдер, жұмбақтар, тұрақты тір-
кестер, көркем шығармалар да көптеп кездеседі. Ата-бабаларымыздың ауа
райына қатысты болжамдары тереңірек зерттелсе, қазақ халқын табиғатпен
тілдесе алатын және астрономиялық білімі терең халық ретінде әлемге таны-
туға болар еді.
(http://anatili.kazgazeta.kz/?p=26403&cpage=1)
Айқындауыш мүше.
Сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөйлем мүшесі. Айқындауыш бір мүшенің (сөздің) заттық, мекендік, мезгілдік т.б. жағын айқындап тұрады.
Айқындауыш мүшелер құрамы мен құрылымына қарай, мазмұнына байланысты үш түрлі болады:
1. оңашаланған айқындауыштар;
2. қосарлы айқындауыштар.
1. Оңашаланған айқындауыш: өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөз. Оңашаланған айқындауыштың алдынан әсіресе, яғни, көбінесе, сияқты сөздердің қолданылуы мүмкін. Оңашаланған айқындауыш бастауышты ғана емес, басқа да мүшелерді: пысықтауышты, толықтауышты, кейде анықтауышты да айқындай береді.Үтір белгісі оңашаланған айқындауыштың екі жағынан қойылады.
Мысалы: Біздің үйдің тұрғындары, әсіресе бірінші және екінші қабат тұрғындары, кіреберістің тазалығын қадағалап отырады.
Еліміздегі өзендер - Нұра, Сарысу, Сырдария - балыққа аса бай.
2. Қосарлы айқындауыш: айқындайтын мүшенің бір сыңары болып, мазмұнын дәлелдеп түратын сөз.Қосарлы айқындауыш кейде өзі анықтайтын сөзімен дефис арқылы байланысады.
Мысалы: Менің атам инженер - конструктор болып жұмыс істейді.
Ауылымыздағы пошта бөлімшесіне телефон - автомат қойылды.
Есімдіктермен Қазақстан табиғаты туралы бес сөйлем
1. Бұл (сілтеу есімдігі) ұлан байтақ дархан дала - менің туған жерім, Отаным, Қазақстаным!
2. Осынау (сілтеу есімдігі) асқар Алатау, тау басынан сылдырап аққан су, жайқала өскен жасыл желек, жарқыраған күн мен көк аспан - мұның бәрі (жалпылау есімдігі) туған жерімнің әсем табиғатының тек бір көрінісі ғана.
3. Қазақстанның әр (белгісіздік есімдігі) аймағында ауа райы да әр (белгісіздік есімдігі) түрлі болады.
4. Өздеріңіз (өздік есімдік) білетін Шарын шатқалына ұқсас жер әлемде кемде – кем.
5. Әлдеқайдан (белгісіздік есімдігі) елімізге шетелдік қонақтар келе қалса, мақтанып көрсететін жерлер тізіміне Көкшетауды қоссақ болады.