4. Мақаланы оқып, бөліктерін қалпына келтір. Кала орталығында орналасқан өлкетану мұражайы қазіргі заманның талабына сай безендірілген. Мұражайда өте көп тарихи жәдігер сақталған. Мұражай қызметкері әр әдігердің ерекшелігіне тоқталып, қызық ақпараттар берді. Әсіресе «Алтын адам» туралы ақпараты балаларды ерек- ше қызықтырды. Туған табиғатымыздағы түрлі аң-құстың қатырылған бейнесін кәдімгі тірі аң-құстардан ажырату Киынға соқты.Үстіміздегі жылдың 19 қарашасында 4 «а»- сынып оқушылары өлкетану мұражайына барды Балалар мұражайдан көңілді қайтты. Әрқайсысы өз көргендерімен бөлісуге асықты.
Шанхай сауда орталығында тұрған аквариум шытынап, сынып кеткен кезде ішіндегі акулалар да адамдарға қарай ағылды. Акуладан басқа, аквариум ішінде жабайы тасбақалар мен басқа да жабайы балықтар бар еді.
34 тонна салмағы бар шыны құты сынғанда, адамдарға шашырап, нәтижесінде 15 адам әртүрлі деңгейдегі жарақат алды. Оның ішінде аяғы сынып, жараланған бір адам тез арада ауруханаға жеткізілген.
Қасақана болғандай, бұл сауда орнында жаңажылдық сыйлықтарға жеңілдіктер жүріп жатқан екен.
Сауда кентінің қонағы:
- Апат ойда-жоқта болды. Сынған дауыс естілді де, одан кейін су басты. Бұл жарылысқа ұқсады. Сондықтан да өте қорқынышты болғанын жасырмаймын. Қасымда тұрған адамдарды су шайып кетті...