4. Шешендік сөздер. Төле би мен Қазыбек бидің шешендік сөздерін оқып, замануи үлгіде, жаңаша ой (көзқарас, ой, пікір) білдіру. Сөз саны 150-170 сөз
Төле би: Уа, халқым! Сөз қадірін білетін жастарға 10 түрлі жұмбағым бар. Жұмбағым мынау:
бір,екі,үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.
-Ұлы аға, жұмбақты шешуге рұқсат етіңіз-деп Қазбек би шығады.
Төле би: Рұқсат, Қаз дауысты Қазыбегім
Қазыбек би:
Бір дегенім -бірлігі кеткен ел жаман,
Екі дегенің -егесіп өткен ер жаман,
Үш дегенің- шошынған ат жаман,
Төрт дегенің -төсектен безген жас жаман,
Бес дегенің- белсеніп шапқан жау жаман,
Алты дегенің -асқынып кеткен дерт жаман,
Жеті дегенің - келіншек жесір қалса сол жаман,
Сегіз дегенің -серпілмеген қайғы жаман,
Тоғыз дегенің- торқалы той жаман,
Он дегенің кәрілікке дауа болмас, сол жаман.
Әкім Ысқақ 1960 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Бөржар ауылында туған.
Шымкент педагогика институтының физика және Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
1980 жылдан өзі оқыған Абай атындағы орта мектептің мұғалімі, 1990 жылы Бөген аудандық партия комитетінің идеология бөлімінің нұсқаушысы, республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Қызылорда, Шымкент, Жамбыл облыстарындағы меншікті тілшісі.
1991 жылы халық депутаттары Шымкент облыстық кеңесінің ба з хатшысы, 1992 жылдан Ордабасы ауданы білім бөлімінің меңгерушісі болған.
1995 жылы желтоқсанда баламалы негізде Қазақстан Республикалық Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.
1999 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жауапты қызметкері.
Қазақстан парламентаризмінде тұңғыш қазақ тілінде, әрі Үкіметке баламалы негізде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы.
Балаларға арналған «Котлет» атты тұңғыш сықақ әңгімесі 1977 жылы «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде басылған.
"Еңлік-Кебек" поэмасы - Шәкәрім Құдайбердіұлының туындысы. Ол қос ғашықтың махаббатын жыр етеді. Оқиға Найман мен Тобықты арасында бітіспес дау орын алған уақытта болған еді.
Тобықты руының қос басшысы Тоқтамыс деген кісі болады. Оның артынан ерген Кебек есімді інісі бар. 15 жасында-ақ көпшілік ішінде батырлығымен, кішіпейілдігімен танымал болған Кебек аузы дуалы Нысан абызды әдейі іздеп барып, бал ашуын сұрайды. Қобызын сарнатып, қалшылдап-дірілдеп Кебектің болашағын болжаған Нысан абыз жігітке:" Ажалың биік қабақ сұрлау қыздан, Батырым, ондай жанға көңіл берме", - деп ескертеді.
Абыздың сөзін көңіліне алса да, жын сөзіне сенбеген батыр өз жолымен жүре береді. Арада біраз уақыт өткен соң Кебек аң аулап жүріп адасып кетеді. Кешқұрым жолында кезіккен үйге кіреді. Ол Матай ауылына келген екен. Кірген үйінде кемпір-шал мен қойшы бала отырады. Және кемпір-шалдың бой жетіп отырған Еңлік есімді қызы бар еді. Ас ішіп, жөн сұрасқаннан кейін Кебек өзін таныстырады. Оның есімін естіген қыз Кебекке ұзақ қарап қалады. Ұйықтар уақыт болғанда Еңлік Кебекке өз төсегін салып береді. Кебек оны қыздың жеңілтектігіне балайды. Көз байланып, барлығы ұйқыға батқанда Еңлік Кебекті оятып, өз сырын айтады. Өзінің бір байдың баласымен атастырылғанын, оны өзіне тең көрмейтінін, атасқан жігітінің ездігі мен ынжықтығын айтады. Сырын ақтарған қыз Кебектен өзіне тең көрер болса алып қашуын өтінеді. Кебек те қызды сынап, оның ой-пиғылы таза екеніне көзі жетіп, алмаққа уағдаласады.
Қыз Кебекке Тобықты мен Найман бітіскен уақытта алып қашуы керектігін айтып, оған дейін жартас маңында кездесіп жүрелік дейді. Екеуі солай уағдаласқан соң жігіт еліне аттанады. Осылайша олар 6 ай бойы кездесіп жүреді. Осы уақытта Найман мен Тобықты да бітімге келеді. Бір күні Еңлік сүйгеніне қол ұстасып, бірге қашар уақыт келгенін айтады. Ол кезде Еңліктің аяғы ауыр еді.