В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
вевпончд
вевпончд
19.04.2020 15:38 •  Қазақ тiлi

4 – тапсырма. 102 бет. Мәтінді оқы. Мазмұны бойынша сұрақтарға қысқаша жауап бер. Жазылым (Письменно ) 1. Аждаһа ауылға не үшін келеді? 2. Жанқожа аждаһаны қалай тоқтатты? 3. Ағарған деген не? 4. Жанқожа қанша күн ауылда болды? 5. Ол қайда қайтты? 6. Жанқожа жлда не көрді? 7. Ол үй қайдан пайда болды деп ойлайсың? Неге?

Показать ответ
Ответ:
polisavostina
polisavostina
25.11.2021 06:00

Ауылды аждаһа аралағанына бір жұма болды. Әр күні түстен кейін қой-қозы, бота, тайды жұтады да жоқ боп кетеді. Атқан оқ дарымайды. Әзірге адамға ауыз салған жоқ. Кейін қайтерін кім білісін? – деді садақ ұстаған жігіт. – Шарасын таппай дал болдық... – Ойбай... Әне... Тағы келді, - деп сөзін жалғастырды жігіт. – Аждаһа шығады.

Жанқожа қылышын алып, солай қарай жүрді. Қасындағы адамдар жан-жаққа қашты. Ауыл ақсақалы, жасақ басшысы, сауыт, дулыға киіп қару асынған бес-алты жігіт амалсыздан ізіне ерді. Мақұлық үйдің арт жағында тұрған құлынды алып жұтқалы тұр екен. Жанқожа жылдам «Қуран» оқыды да ақырып, қасына жетіп барды. Тез қылышын көтерді.

Лезде айбатанан айырылған мақулықтың көзінен пора-пора жас ағып, сылқ етіп алдына жата кетті. Оның бейшара халін көрген Жанқожа қылышын түсірді.

- Ағарған әкеліңдер! – деді сосын одан отты жанарын алмастан...

Жасақ басшысы жүгіріп қараша үйге кірді де ентелей жетті. Артына қарамстан қолын созған Жанқожа одан зерен кеседегі сүтті мақұлықтың басына шашып жіберді.

Мақулық көзінен жас тамшылаған күйі Жанқожға бір қарады да кері бұрылып, ақырын-ақырын жоқ боп кетті. Сұсты мақұлықтан құтылғанына қуанған адамдар қатты қуанды.

Жанқожа екі күн ақсақалдың уйінде жатты. Аждаға қайта оралмады. Ауыл адмдарды үрейден арылып, тасаттық берді. Үшінші күні еліне қайтты. Үлкендер батсын жаудырып ауыл іргесіне дейін шығарып салды. Ауылдан ұзап шыққан соң тізгінді босатты...

Түн. Жұлдыздар жымыңдайды. Шалқалай туған айдың жарығынан жол бедері анық байқалады. Қызылқұмның ішінде торы атты құстай ұшырып келеді. Кенет алдынан ақ отау көрінді. Айналасында қаз-қатар тізілген сансыз шам жанып тұр. Бұл жер таныс сияқты. Анадай жердегі сесеуілге көзі түскенде барып, мұның жылқының өлексесі жатқан жер екенін бірден сезе қойды. Демек, торы ат жүйткіген екен. Әйтпесе, бұл жерге ертең түске тарта жетуі тиіс еді. Он сегіз мың ғалымның тылсымын кім түсіндер дейсің?! Өз көзімен көріп өткен жазық далаға айналасында әскері жоқ демесең, хан ордасы көшіп келгендей. Әдемі ақ отаудың жанына барғанда іштен ханшадай киінген сұңғақ бойлы қыз шықты. Инабаттылық басын сәл иіп сәлем берді:

- Жолаушы, алған бағытыңыз алыс көрінеді. Бір түн қонақ боп тынығып алыңыз!

Жанқожа ізет сақтап қызбен амандасты. Астындағы торысы аман болса, аулының алыстығы білінбейді. Айдаладағы ақ отаудан шыққан қыздың қолқасынан гөрі бұл жерде қандай сыр бар екндігі көбірек қызықтырған тәрізді. Құранды ердің басына байлаулы тұрған сусын құятын ыдысын алған соң, атын қоя берді. Ыдыстағы суға жуынып алды. Қыздың соңынан үйге кірді де төрге озды. Дастрақан жайнап тұр екен. «Мынадай таңсық тағамдар елдің дастарқанында болса ғой» деп ойлап отырды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота