Өткен демалыс күні біз сынып жетекшімізбен бірге Қазақстандағы бейнелеу өнерінің баға жетпес інжу-маржандарын жиып-терген «Астана» ұлттық сурет галереясындағы «Кескіндеме» залына бардық. Залда отандық бейнелеу өнерінің негізін қалаушылар Ә.Қастеев, А.Исмаилов, Н.Хлудов, К.Қожықов, А.Черкасский, П.Зальцман, А.Бортников, сондай-ақ кәсіби суретшілер С.Айтбаев, Ш.Сариев, Ж.Шарденов, М.Кенбаев, А.Ғалымбаевалардың еңбектері келушілер назарына ұсынылған екен. Аталмыш өнер иелерінің шығармалары Қазақстанның классикалық кескіндеме өнерінің қалыптасуына зор ықпалын тигізді. Өз шығармаларында суретшілер өткен жүз жылдықтағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне терең мән берген. Олардың шығармалары бір мезгілде үйлесімді әрі қарама-қайшы болуымен қатар, дәстүрлі өнердің қарқынды дамуына ықпал еткен нығайтқышқа айналды.
Қайсына қарасаң да ерекше сезімге берілесің. Біреуінде періштеден пәк сәбидің жүзі, екіншісінде табиғаттың әсем көрінісі бейнеленген.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын мақаласының аясында көркем сурет галереясында да қыруар жұмыстар атқарылып жатыр екен.
Осынау галереяны аралап жүрген сәтімде отандық суретшілердің салған картиналарын тамашалап, өте тәнті болдым. Қай - қайсысы да маған ұмытылмас әсер қалдырды.
Өзім де бос уақытымда сурет салумен айналысатындықтан, болашақта менің де өз көрмем болғанды армандаймын!
Адам бойында түрлі асыл қасиеттер кездеседі. Ұлы дана Абай атамыз «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінде «бес нәрсеге асық бол» деп, талапты, еңбекті, терең ойды, қанағат пен рақымды асыл істер қатарына жатқызып, сонымен қатар «бес нәрседен қашық бол» деп, жаман істерге: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ секілді қасиеттерді жатқызған.
«Ізгілік пен игілік жоқ жерде әсемдік те жоқ» деп Сократ айтқандай, ізгілік адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Ізгілік ешқашан да өлмейді.
Ізгілік – өнегеліліктің шыңы. Ізгі адам қашанда өзгелерге жақсылық ойлап, жамандық атаулыдан аулақ болады. Ол өзгелерге қамқор болып, көмектесіп, «тек жақсылығым тисе екен» деген ізгі ниетте болады.
«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді.
Сондықтан қолымыздан келгенше ата – ана, бойымыздың өнегелі тәрбиесін бойымызға сіңіріп, ізгілік нұрын жинайық
Сурет галереясында

Объяснение: