В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
nazarenkolavrenyuk
nazarenkolavrenyuk
06.06.2023 05:01 •  Қазақ тiлi

4 тапсырма 34 бет . Жакша iшiндегi сөздердi кажет тулгада койып , сойлемнiн магынасы мен орын тәртiбiне байланысты орналастырып жаз . Жалгау түрлерiн белгiле . ( выпиши слова в скобках , расставив их в зависимости от смысла и порядка места предложения определи виды окончания , их подпиши ) 1. Ауыз ( автор ) ( адебиет ) жазба ( айырмашылық ) ауыз ( әдебиет ) әде биетінің белгілі бір жоқ . 2. Ауыз ( әдебиет ) тұрмыс - салт жыр ) лирикалық жатады жанра . 3. Ауыз әдебиетінде ( халық ) ғасырлар бойы кешірген ( бас ) жырланады оқиғалары . 4. Ауыз адебиетi жемісі ( ғасыр ) талай .

Показать ответ
Ответ:
MostepanovaJanna
MostepanovaJanna
26.03.2022 17:46

аллегория, (көне грекше: allёgorіa — астралап, пернелеп айту), — оқырманның не көрерменнің санасына, қиялына ерекше әсер ететіндей, образ жасаудың бейнелеуші құралы, көркемдік тәсіл. Аллегорлау көркемдік тәсілдердің ең көнесі, бастауын мифтен алып, фольклорда ерекше дамыған. Түлкі — қулық, арыстан — зорлық, қасқыр — қастық, қоян — сужүректік, есек — ақымақтық, аққу — адалдық, махаббат т.б. түрінде бейнеленетін персонаждарда адамдарға тән мінез пернелеп айтылса да, бірден санаға, қиялға әсер етіп, көз алдыңа елестейді

0,0(0 оценок)
Ответ:
EvgeniyNou
EvgeniyNou
26.03.2022 17:46

«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады» дейді Мұхтар Әуезов. Рас, кез келген ұлттың тілі, ділі, діні, тарихы, әдебиеті мен мәдениеті болары анық. Ендеше, сол ұлттың азаматы – өз ұлтының осындай баға жетпес байлығын қастерлеп қорғауға, сүюге міндетті. Өз ұлтының сұлулығын түсінбей, өзге ұлттың сұлулығын түсінудің мүмкін емес екенін де Момышұлы әлдеқашан айтқан. Адамды рухани тұрғыдан байытатын – ол әдебиет. Әр адам әдебиетін сүю арқылы ғана мәдениетті тұлға болып қалыптасады. Бұған ешкімнің таласы да жоқ шығар. Мен де – өз ұлтымды сүйем, қадірлеймін. Әрине, бұлай болмауы мүмкін емес. Ес білгелі әдеби шығармаларды оқып, ой түйген баланың бірімін. Кешкілік әжемнің қойнына кіріп, бағзы қазақтың батырлары мен би-шешендері туралы аңыз-әңгімелер мен қисса-дастандарын тыңдап, ертегілерінен нәр алған бұл баланың да енді өз әдеби әлемі бар. Қара сөздің хас шебері, ұлы Абай атамыздың жыр шумақтарының мына бір тармақтарындағы:

«…Ынталы жүрек сезген сөз,

Бар тамырды қуалар» дегені, бәлкім осы шығар. Өзімше осылай ой түйдім. Сөз өнеріне деген құштарлық мені осы бір әлемге әкелді. Әрине, жілігін шағып, майын ішпесем де, сөз таластырып қалатыным бар. Бірақ соншалықты артық кетуге де болмас. Бұқар:

«Ел бастау қиын емес,

Қонатын жерден көл табылады.

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерден ел табылады.

Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ» дейді. Ендеше, осынау сөз өнерін қаншалықты игердім?.. Бұл – мен үшін жауабы қиын сұрақ. Бір нәрсе анық – мен сол үшін тер төгемін. Қашанда оқу инемен құдық қазғандай емес пе?! Әркімнің өз әдеби әлемі болады, болу керек те. Онсыз адамның рухани күш-қуаты әлсіз болады деп ойлаймын. Сыртқы ортаның сыйықсыз іс-әрекетіне тез бейімделіп, өзін билей алмай қалады. Ал әдеби әлеммен байланыс орнатқан жан кез келген жағдайдан сабырмен жол тауып шыға алады. Иә, солай. Өз басым айналамда адам қарасы қалмағанда әдеби шығарма кейіпкерімен тілдескендеймін. Шырмаған шым-шытырық ойдан арылып, шерім тарқап, жаңа леп сезіп, бейнебір мөлдір таза ауамен тыныстағандай боламын. Кенеттен бойымды құштарлық сезімі билеп, қайта оқуға құмартамын. Мүмкін мен қияли адам шығармын, мүмкін басқа, әйтеуір сөзбен айтып жеткізе алмас сезімді бастан кешемін. Мүмкін бұндай нәрсе тек менің әлемімде ғана болатын шығар, дегенмен, бұл – маған ұнайды. Сол үшін де әдебиетті сүйем, сол үшін де әдебиетті таңдадым, осынысы үшін де маған әдебиет қымбат. Әдебиет – сан қырлы, тұңғиығы терең, соқпағы ауыр, сүрлеуі шыймай әлем. Осы әлемнің тұңғиығына терең бойлап, сырын ұғып, бір шетіне өзімнің қолтаңбамды қалдыру, менің – арманым.

«Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Өзің білмесең, білгендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңең кетпейді».

Бұл – Төле бабамыздың сөзі. Иә, өзіңе тиесілі сөзді өзің айтып, өзіңнің табағыңдағы асқа өзің қол салып, өз несібеңді өзің тапқанға не жетсін… Ол үшін көп нәрсе де керек емес. Тек оқуға, білімге деген талаптану, яки Абайша айтқанда жан құмарлығы керек. Кейде, өзімді ертегі кейіпкеріндей сезініп, мүмкін ертегі соңында көздеген арман-мұратыма жетермін деп те ойлаймын. Күндердің күнінде бақыт аралына бір барарымды сеземін. Соған талпынамын. Өйткені адамның жаманы – талапсыз.

Міне, менің әдеби әлемім осындай!

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота