4-тапсырма. Берілген пікірді негізге ала отырып,
«Шоқанның арманы» тақырыбында шығарма жазың-
дар.
«Оқып жүргенде Шоқан Орта Азияны кезуді арман етер
еді. Біздің мектептің екінші есігі Ертіс өзеніне қараған
еді. Осы есік алдына шыққанда, өзеннің арғы жағы
жапан дала, құла дүз болып жайылып, көкжиекке
ұштасып жатып еді. Оны көргенде, Орта Азияның ми-
дай даласының, сыры ашылмаған жұмбақ даланың
қақпасы алдында тұрған тәрізді болар едік. Бір күні
Шоқан осы есік алдында тұрып, өзінің Орта Азияны
саяхаттау жолындағы қиялын, жұмбақ даланың сы-
рын ашуға ынтық екенін айтты. Өте қызық етіп әңгіме-
леді, жұртты еліктіріп әкетті», - дейді Потанин.