В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Qqertyi
Qqertyi
17.09.2022 23:03 •  Қазақ тiлi

4-тапсырма. Деректі және дерексіз зат есімдерді тап. Абай ауылына жеткенше асықты.

Анау - Абай, Абай ғой, айналайын-ай! Апасына айтайыншы,

деді бір әйел.

Басе, Телғара ғой… Жаным-ау, мынау…

- Телғара! - деді жас

әйел.

Абайдың келген хабарын естіп, анасы - Ұлжан мен әжесі - Зере сыртқа шықты. Зеренің ең жақсы көретінемересі Абай еді. Оның тілеуін тілеп отыратын.

Абай аттан түсті. Ол көп ішінен, ең алдымен, өз шешесін көрді. Соған

жүре беріп еді, шешесі: - Шырағым, балам, ар жағында әкең тұр… Сәлем бер! - деді.

Абай әкесіне қарай тез бұрылды Әкесіне қол беріп амандасты. Әкесі:

Балам, бойың өсіп, ержетіп қалыпсың! Бойыңдай болып білімің

де өсті ме? - деді.

Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға бел-

тілі Ол сабырмен:

- Шукір, әке, Қазіреттің рұқсатын, фатиқасын алып қайттым, - деді.

Құнанбай: -Бар, енді шешелерің жаққа бар, амандас, балам! - деді (М. Әуезов)

Показать ответ
Ответ:
Удача575
Удача575
05.01.2022 17:43

Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт. Абайды тану - қазақтың өзін-өзі тануының, басы да, соңы да! Абайды тану - Абай айтқан сындардан толық қорытынды шығару деп білеміз. Айдай анық нәрсе, Абай ақын ғана емес, ол өлеңдері арқылы өз халқының төрдегі басын есікке сүйреп келген, басты міндерін батыл көрсетіп берген тұңғыш дана сыншымыз да! Өкінішке орай, Абайдың сол әлеуметтік-философиялық өткір сындарын сындарлы сынды қабылдау мәдениетіміздің төмендігі салдарынан әлі күнге толық қабылдап - толыққанды қорытынды шығара алмай жүргенімізді жасырғанмен бәрібір ол кемшіліктен арыла алмаймыз ғой. ...Біріңді қазақ бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос. Малыңды жауға Басыңды дауға Қор қылма, қорға, татулас... Әлем әдебиетінде Абай секілді алыптарды танутудың сан түрлі жолы бар. Орыс әдебиеті Пушкинді әлі күнге зерттеп, зерделеп біте алмай жатыр. Бір қуанарлығы біз данышпан Абайдың да сондай қырларына дендеп ене бастадық. Мысалы, Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" эпопеясын ақ орда десек, әлгі жазылып жатқан, жазылатын еңбектер оның көркіне көрік қосатын ақшаңқан отаулар ретінде кең қанат жая береді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Amixorp
Amixorp
09.02.2023 13:00

Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ а өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды. Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. Өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады. Қазақта «қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесек те, амандық болсын» деген де сөз бар ғой… «Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар. Тіпті адам ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып алуға болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған. Нанның қасиетті Құраннан да жоғары бағаланатынын осыдан-ақ білуге болады. «Адам атамыз бен Хауа анамыз пейіштен қуылған кезде ит бірге ілесіп кетіп, сонда бидай иттің ұртында келген дейді. Итті «жеті қазынаның бірі» дейтін себебіміз адамзат сол иттің ырыздығын жеп жүр» деген бұрыннан келе жатқан аңыз бар. Бір таңданарлығы, жер бетінде басқа дақылдардың, жемістердің барлығының жабайы түрі бар. Айталық, алманың, жуаның, сұлының дегендей, барлығының жабайы түрі табиғатта кездеседі, бірақ бидайдың жабайы түрі жоқ. Сол себептен де, қазіргі тілмен айтсақ, бидайдың ғарыштан келгеніне иланасың. Шынымен, осы қисынға, «бұл жердің дәні емес, бізге бейнебір ғарыштан жеткен» дегенге біртүрлі сенгің келеді. Үйге келген кез келген адам асығыс болса да, өзге тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады. Адамдардың арасындағы ынтымақ бірлік, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас, ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы нығая түседі, яғни өзі нан ауыз тиген үйіне қазақ жамандық тілемеген. Нанын берген адамға жамандық ойламаған. Қазақтың «бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан келіп шыққан.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота