4-тапсырма. Ертегінің толық нұсқасын хрестоматиядан оқыңдар. «Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа, Аяз, өліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл» деген нақыл сөз арқылы Аяз биге мінездеме, портрет жасаңдар. Өтініі
Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық бөлшек буындеп аталады.Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болады.Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, соншабуын болады. Мысалы, қарлығаштардың деген сөзде бес дауысты дыбыс бар, яғни сөз бес буыннан құралған.Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын.Бір дауысты дыбыстан құралған және дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталған буын ашық буын деп аталады. Мысалы, а-на, ба-ла, да-ла, бе-ре-ке, ә-ке, ша-ға-ла, же-ті, та-ға, т.б.Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буын жалаң ашық буын деп аталады. Мысалы, ә-же, ұ-лы, ү-кі, а-та, т.б.Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы, айт, өр, ант, ән, ұлт, аң, ұрт, үй, арс, ел, өрт, т.б.Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған, яғни ортасы дауысты дыбысекі шеті дауыссыз дыбыс болып келген буынбітеу буын деп аталады. Мысалы, Бұлт, жер, қант, той, құрт, тау, жұрт, жез, төрт, дос, серт, гүл, мұрт, қол, бырт-бырт, сарт-сұрт, жарқ-жұрқ, сөз, көз, май, дөң, дүлдүл, мазмұн, жолдастық, т.б.
Мәтіннің атауы: Тіл
Tip Тірек сөздер: тіл, үлкен өнер, ерекше
қабілет, рухани даму, ұлы
қасиет, жетістіктерге жету, қарым
қатынас.
Негізгі ақпарат: Тіл ұлы қасиет.
Қосымша ақпарат: Тілім менің - таусылмайтын байлығым.
Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім.
Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана
тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы
алғашқы Әліппені таныдым. Содан бері
міне, өз ана тіліммен сусындап келемін.
Өз тарихымды танып білдім. Түған
тіліміздің абыройын асқақтату - әрбір
азаматтың борышы. Себебі, біздің
23:54
Қазақ тілі @
болмысымыз, салт - дәстүріміз, дініміз,
мәдениетіміз осы тілімізде жатыр.
Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты,
білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды
етіп қалыптастыруда мемлекеттік
тіліміздің атқаратын қызметі өте
жоғары. Сондықтан да туған еліміздің
мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз.
Өйткені, тіл - ата - бабамыздан бізге
қалған аманаты. Ата - баба мұрасын
жалғастыру, оның мәртебесін көтеру
мына баршамыздың міндетіміз,
парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз
бен жазушыларымыздың. даналардың
сөздерін, өлең - жырларын оқып
білеміз, олардан ғибрат аламыз.
" "Өнер алды - қызыл тіл" деген осыдан
шыққан болар. Елінің болашағын
ойлаған, құрметпен қараған әрбір
азамат ана тілін сақтап қалуы үшін