№ 4-тапсырма. Кестедегі сөздерге синоим, антоним сөздер тауып жазыңыз. Синоним сөздер белгіл
ғимарат
Антоним сөздер ірі ертеде
Ұлы Жібек жолы
Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда
жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл
тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа
да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке,
сауда жолдары ашылды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды.
Сауран - Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір
тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп
аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет
өнерінің керемет үлгісі болып табылады. Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді.
Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым
Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала.
Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да
жатады. Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да,
экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған.
Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп
атаған. Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында
түрлі шеберханалар, наубайханалар орналасқан. Ертеде Тараз қаласындағы сауда
базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген
дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.
1) Біз де ізге түстік,
Сізде ізге түстіңіз.
Біз қыста ізге түстік,
Сіз күзде ізге түстіңіз.
2) Күз, Кез, Күз,
Күш, Кеш, Көш,
Кір, Кер, Көр,
Күл, Кел, Көл,
Кілең қысқа сөз,
Кім оқиды тез?
3) Алқан астық. Аптап-ақ!
Жұмыс қауырт қат-қабат!
Астық жинап қаптап ап,
Таппидық бір сәт тағат!
4) Құман от басында,
Жүген ат басында.
От басынан құманды алыс
тастасын ба?
Ат басынан жүгенін ап,
ноқта салсын ба?
5) Бұл қар – сүр қар
Сүр қар – кір қар
Үстінде ойнама,
Үстіңді былғар.
6) Қапты қапты ит қапты,
Қапыда қатты қапты.
7) Омартаға балалар барар,
Омартаны балалар аралар.
8) Сыныпта бор бар,
Ақ бор бар, көк бор бар
Барлығы неше бор бар?
9) Ошаққа от жақ, ,
Ол үшін шоқ тап,
Шоқ тап та, от жақ.
10) Балға тап та,
Жаңғақ шақ ,
Жаңғақ шақсаң,
Сақ шақ.
Алматы қаласы туралы 10 сөйлем.
1. Алматы - еліміздің оңтүстік астанасы.
2. Алматы қаласы - республикалық маңызы бар қала.
3. Алматы - мәдениет пен ғылымның, қаржы мен іскерліктің орталығы саналады.
4. Төбесі көкке тірелген Алатауымен ерекшеленеді.
5. Алматы қаласы апорт алмасымен атақты.
6. Сонымен қатар Алматы қаласында аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны мен Шымбұлақ тау шаңғы кешені бар.
7. Алматы қаласы 1997 жылға дейін еліміздің бас қаласы болды.
8. 2011 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында метро қолданысқа берілді.
9. 2011 жылы Алматы қаласында қысқы Азиада ойындары өткізілген болатын.
10. Алматы қаласында түрлі театр, мұражайлар, көркемсурет галереялары секілді мәдениет ошақтары бар.